-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Халық қалаулысы ел ішінде

    10.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Парламент
    Халық қалаулысы ел ішінде
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Осы аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Данияр Қасқарауов ауданымызға арнайы іссапармен келіп, өңірімізде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен танысып  қайтты. Ауданға арнайы атбасын бұрған халық қалаулысын аудан басшысы Азат Құтпанбетов күтіп алып, сапарлас болды.

    Данияр Алдабергенұлы алдымен өзінің іссапарын аудан орталығындағы Жастарға қызмет көрсету орталығынан бастады.  Сәні мен сәулеті жарасқан ғимаратқа бас сұққан депутат ол жерде аудан жастарының түрлі іс-шараларды өткізулеріне арналған конференция залын және салауатты өмір салтын ұстануларына  заманауи жағдай жасалған спортзалын көріп, жастар қауымымен ашық пікір алмасып, әңгімелесті.

    Мұнан соң Бақанас ауылында салынып жатқан төрт пәтерлі 6 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Алыстан ат терлетіп келген халық қалаулысына тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп жатқан «ВС Lengthy Iife» ЖШС-нің директоры Жеңіс Рахымберліұлы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, салынып жатқан тұрғын үйлердің жылу қазандығы табиғи газға қосылғанын және ауыз су құбыры, кәріз жүйесі, электр жарығы бірге жүргізілгенін, сондай – ақ құрылыс заттарының сапасы жайында әңгіме өрбітті.

    Әңгіме барысында аудан әкімі Азат Үкітайұлы бұл тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталса, тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасы баспаналы болатынын және Бақбақты ауылдық округінде екі пәтерлі 5 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталып қалғанын, сондай – ақ Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан орталығынан бес қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған отбасыларға берілгенін атап өтті.

    Келесі кезекте депутат Данияр Қасқарауов өзінің іссапарын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген Ақжар ауылдық Мәдениет үйіне атбасын бұрып, Береке ауылдық округіне қарасты Бура ауылындағы медициналық пункттің құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты.

    Өңіріміздегі құрылыс жұмыстары аяқталған және аяқталып қалған құрылыс нысандарын көзбен көрген Данияр Алдабергенұлы аудан басшысының алға қойған жұмыстарына лайықты баға беріп, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын таба беретініне сенім білдірді. Халық қалаулысының ел ішінде болуы халыққа қажетті мәселелерді көзбен көріп, ойға түйіп, болашақта олардың оң шешімін табуды жоспарға қойып, жүзеге асыру жолында алдына міндеттер қою болып табылады.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Аспап жасаудың шебері

    Аспап жасаудың шебері

    2 years ago
    100-ден астам ағаш отырғызылды

    100-ден астам ағаш отырғызылды

    1 year ago
    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    9 months ago
    Шахтадағы апат құрбандарының саны 45-ке жетті

    Шахтадағы апат құрбандарының саны 45-ке жетті

    2 years ago
    Абырой биігінде

    Абырой биігінде

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.