-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қызмет сапасы – басты назарда

    09.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қызмет сапасы –  басты назарда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Дәрігердің біліктілігі, медициналық мекеменің талапқа сай болуы халық денсаулығының жақсаруына әсер етеді. Сондықтан бұл салаға мемлекет ерекше көңіл бөлуде. Осыған орай Кеген өңірінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақтарға аудандық аурухана директоры Алмас Тілеулиев кеңінен жауап қайтарды.

    Бас дәрігердің айтуынша, бүгінгі таңда ауданда 60 дәрігер, 245 орта және 73 кіші медицина маманы жұмыс істейді. Онколог, акушер-гинеколог, хирург, дерматолог және үш жалпы тәжірибелік дәрігер қажеттігі туындап отыр. Өңір бойынша тұрғындарға 31 емдеу мекемесі қызмет көрсетуде. 1 аудандық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік және 17 медициналық пункт бар. Бүгінде Ұзынбұлақ дәрігерлік амбулаториясын, Ақтасты медициналық пунктін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптамаға жіберілді. «Ауылда денсаулық саласын жаңғырту» бағдарламасы аясында Күрметідегі амбулатория ғимаратының құрылысы басталды.
    – Аудандық аурухана жанында емхана бөлімі орналасқан. Онда арнайы геронтология кабинеті жабдықталған. Қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға сонда арнайы мамандар қызмет көрсетеді. Емхана бөлімінде отбасын жоспарлау, дені сау бала, қарттар, қант диабеті, артериалды гипертензия, босануға дайындық, жас аналар, мінез-құлық факторлары және созылмалы жүрек жетіспеушілік мектептері бар. Диспансерлік есепте 3514 науқас тіркелген, – дейді Алмас Тілеулиев.
    Аудан халқын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін өткен жылдың тоғыз айында 110 млн 511 мың 187 теңгеге дәрі сатып алынған. Шалғай елдімекендердегі тұрғындар басы ауырып, балтыры сыздаған жағдайда аудан орталығына көп келе бермейтіні анық. Сондықтан аурудың алдын алуда жылжымалы медициналық көліктер қарастырылған. Солардың көмегімен 6125 тұрғынды тексеруден өткізу жоспарланып отыр.
    Аудан бойынша тәуліктік стационарда 2380 науқас жоспарлы және шұғыл түрде ем алып шықты. Сонымен қатар ауруханада перзентхана, хирургия, жансақтау, қабылдау-диагностикалық, жұқпалы аурулар бөлімдері бар. 226 науқасқа ота жасалды. Жалағаш дәрігерлік амбулаториясы ғимаратынан ересектерге арналған 34 орынды оңалту және курортология бөлімі ашылды. Науқастар әлеуметтік қызметтер порталы және жоспарлы жатқызу арқылы ем қабылдайды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    2024 жылғы шомылу маусымы: Құтқару қызметі қалай жұмыс істеді?

    7 months ago
    Бурабайда Ұлттық құрылтайдың «Білім және ғылым» атты үшінші секциясы өтті

    Бурабайда Ұлттық құрылтайдың «Білім және ғылым» атты үшінші секциясы өтті

    2 months ago
    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    Алматы облысының сайлаушылары белсенді дауыс беріп жатыр

    2 years ago
    Ардагерлер сынға түсті

    Ардагерлер сынға түсті

    2 months ago
    Өрттің өршуіне салғырттық себеп болған

    Өрттің өршуіне салғырттық себеп болған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>