⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлт атауын қайтарған

    16.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ұлт атауын қайтарған
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         «Қазақты қырғыз емес, қазақ деп атасын, кеңсе тілі қазақша болсын» деп талап қойып, мақала жазған, елінің егемендігі үшін күрескен ақын, Алаштың ардақтысы, әйгілі «Тар жол, тайғақ кешу» романының авторы Сәкен Сейфуллин әлемі әлі де терең зерттеуді қажет етеді.

    Сәкен Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Ақмола уезінің көшпелі ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты – Сәдуақас. Кейіннен еркелетіп Сәкен деп атап кеткен. Сәкен жастайынан оқуға құштар болып өсті. Мектепті үздік бітірген ақын білім қуып, үлкен қалаға аттанады. 1913 жылы Омбы семинариясында Мағжан Жұмабаевпен танысады. Омбыда оқып жүріп «Айқап» журналына алғашқы мақаласын жариялайды. 1914 жылы «Өткен күндер» атты ең алғашқы жинағы жарық көреді.
    Сәкен Сейфуллин – азаттықты аңсаған өршіл ақын. Ақын әр уақытта болып жатқан тарихи сәттерді өлеңіне арқау етті. Сол замандағы маңызды оқиғалар мен әйел теңдігіне арнап жазылған туындылары өте көп. Оған ақынның «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқар» атты пьесалары, «Асау тұлпар», «Көкшетау» сияқты өлең-жырлары, «Жұбату» әңгімесі, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық жинақтары дәлел.
    1922 жылы Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып сайланғандығына қарамастан қазақ еліне қызмет етуін тоқтатпады. Ол қазақ ауыз әдебиеті мен өнерінің жоқтаушысы бола білді. 1923 жылы «Совнаркомның» күн тәртібінде қазақ халқының әндерін жинақтау мәселесі қарастырылып, А.Затаевичке қаражат мәселесін шешіп беріп, қазақтың әндері мен күйлерін сақтап қалды.
    С.Сейфуллин «Кеңсе ісін қазақ тілінде жүргізу керек» атты еңбегінде тіл мәселесін кеңінен қозғаған. Елінің ертеңін ойлап, тіл жойылса, бүтіндей бір ұлттың жойылып кететіндігін ойлап, дабыл қақты. Өкініштісі, бейбіт заманда өмір сүріп жатсақ та, бүгінде кеңсе қағаздарының әлі де қазақшаға өтпей жатқандығы қынжылтады.
    Қазақтың зиялыларына қырғидай тиген сұрапыл заманда Сәкен де сталиндік саясаттың құрбанына айналды. Сөз соңында ізін басар ұрпағы қалмаса да, бай әдеби мұрасын ұлықтар тәуелсіз ел жастары көп болсын демекпін.

    Ұлбосын КЕРІМБЕКОВА,
    «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінің экскурсия жетекшісі
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    2 years ago
    Банк өкілдерін қабылдады

    Банк өкілдерін қабылдады

    1 year ago
    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    “”Көкпек-Кеген-Түп” жолы осы айдың соңына дейін жөнделеді – “ҚазАвтоЖол”

    2 years ago
    Байланыс нығаяды

    Байланыс нығаяды

    12 months ago
    Талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері молайды

    Талапкерлерге техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері молайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>