Перейти к содержимому
Главная страница » Жүзуден жүлдегер атанды

Жүзуден жүлдегер атанды

     Дубайда ашық суда жүзуден өткен халықаралық жарыста Қонаев қаласының жас спортшысы, 7 жасар Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды.

Аталған додаға 20 елден 4 пен 17 жас аралығындағы 100-ден астам бала мен жасөспірім қатысты. Жас спортшылардың қатарында жер­лесіміз, кішкентай Дима да болды. Ол 500 метр қашықтықты бағын­дырып, жүлделі ІІ орынға табан тіреді.
Еліміздің намысын қорғаған Дмитрий 5 жасынан бастап жүзумен айналысып келеді. Жеңімпаз бала Қонаев қаласындағы «Айдария» бассейнінде жаттығады. Бапкері Мадияр Кемелжан биылғы жетістік­термен шектеліп қалмай, келесі жылы өз шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр. Ал анасы Лариса Кремпина болса, ұлының дәл осы спорт түрін таңда­ғанына қуанышты.
Облыс орталығы Қонаев қала­сында жүзу спортына арналған тек бір бассейн ғана бар. Оның қызметі ақылы. Мекеме көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жеңілдіктер ұсынады. Қазіргі таңда мұнда 115 бала жаттығады.

Бейбіт МЕКЕЕВ