-13 °c
Qonaev
Monday, July 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Баскетболдан бақ сынады

    19.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Баскетболдан бақ сынады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Баскетболдан КСРО спорт шебері Бақытжан ­Әбдібаевты еске алуға арналған жастар арасында ашық облыстық турнир өтті. Сайыс Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жарысқа 70-тен аса спортшы қатысты.

    Жарысты тамашалаған құрметті қонақтар қатарында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, Кеген ауданының әкімі, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Ермахан Ибрайымов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев болды.
    Шарада сөз алған грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев: «Спорт тек физикалық белсенділік қана емес, бұл – салауатты өмір салтының кепілі. Спорт арқылы өзгелерге сыйлы, кіші буынға үлгі болсаңыздар. Бүгінгі қатысып отырған командалардың қай-қайсысы да жеңіске лайықсыздар. Өйткені, осы жолда тер төгіп, шыңдалып жүрсіздер», – деді.
    Кеген ауданының әкімі, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт ­Теңізбаев:«Бұқаралық спортты дамытуға Бақытжан Әбдібаевтың қосқан ­үлесі зор. Ол Қазақстанның белді баскетболшыларының бірі, баскетболдан КСРО спорт шебері болған. Еліміздің ұлттық құрамасы сапында да өнер көрсеткен. Баскетболды жақсы ойнап қана қоймай, балаларды жаттықтырып, туған жері Жамбыл облысында спорттың дамуына қолдау көрсетіп, демеушілік еткен. Мұндай тұлғаларды жас буын үлгі тұтуы керек», – деген ойын жеткізді. Жарыстың бас төрешісі Максим Шалаев болса, мұндай турнирлер жасөспірім ұлдар мен қыздарды шыңдай түсетінін, баскетбол ептілік пен мергендіктің, шапшаңдық пен төзімділіктің, табандылық пен тапқырлықтың ойыны екенін атап өтті.
    – Бұл – тактикалық әдісті жетілдіретін командалық спорт. Бүгінде орта білім беру мекемелерінде баскетбол секциялары бар. Алдағы уақытта ­Алматы облысының баскетбол федерациясы жастар үшін мұндай секциялар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр, – деді ол.
    Сайыста әр команда өздігінше үздік болды. Әрбір ойыншының жеке стилі, командалық үйлесімі қалыптасқан. Жарыс нәтижесінде Қарасай аудандық жасөспірімдер спорт мектебі жеңіске жетіп, Талғар ауданының ойыншылары 2-орынға ие болса, «Үшқоңыр» командасы үздік үштікке енді. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Айғаным АҚЫНБАЙ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    3 months ago
    Ырысымыз ортаймасын!

    Ырысымыз ортаймасын!

    3 months ago
    Ертіс алқабының 90 пайызы суға толды

    Ертіс алқабының 90 пайызы суға толды

    2 months ago
    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    Әскери теңізшілер Қапшағайда нысандарды минадан тазартты

    11 months ago
    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    Алматы облысында ауқымды логистикалық парк құрылады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>