Көктал ауылдық кітапханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Туған өлке табиғаты» тақырыбында әдеби кеш өтті. Іс-шара барысында қатысушылар туған жердің әсем табиғаты, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялаудың маңызы туралы өз ойларымен бөлісіп, туған өлкенің көркемдігі жайында пікір алмасты. Сондай-ақ табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы екені айтылып, жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыратын тағылымды әңгімелер өрбіді. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың туған өлкеге деген құрметін арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Балқаш ауданы
