-13 °c
Qonaev
Thursday, September 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Поэзия – бақытым

    28.02.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Поэзия – бақытым
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде  Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы Шаяхмет Құсайынұлының   «Поэзия – бақытым»  атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

    Аталған мәдени шараға Еңбекшіқазақ  ауданының әкімі Талғат Байеділов, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының  жетекшісі Ержан Тоқтар,  зиялы қауым өкілдері, аудан өнерпаздары,  колледж студенттері мен ұстаздар қауымы қатысты.

    Ең әуелі облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері  облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізіп, аймақ басшысы атынан ақынға сый-сияпат  көрсетті. Ал Ержан Тоқтар Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтауын оқып, Шаяхмет Құсайынұлына шапан жапты. Аудан әкімі Талғат Байеділов қаламгерге зор шығармашылық  табыс тіледі.

    – Қоғамымыздың  игілігі, халқымыздың кемелдену  жолындағы игі істеріңіз  толастамасын. Халқымыздың  рухани өзегі, сана  байлығы  жақсы жырлар  арқылы  толыға  түсетіні хақ. Талай өнер тарландары түлеген  тарихы терең өңірдің рухани  байлығы да ұшан-теңіз болуы заңдылық. Қаламыңызға қуат тілеймін,  – деді Талғат Ескендірұлы.

    Шара барысында ақынның  замандастары жылы лебіздерін білдірді. Шығармашылық кеште мектеп оқушылары кеш иесінің өлеңдерін жалындата оқыды. Аталған тұсаукесер салтанатында  аудан өнерпаздары Шаяхмет Құсайынұлының өлеңдеріне  жазылған «Еңбекшіқазақ вальсі» қатарлы әндерді әуелете шырқады.  Айта кетсек,  бүгінге дейін Шаяхмет Құсайынұлының поэзия мен прозалық  шығармалары қамтылған  30-ға жуық кітабі жарық көрген.

    Ерзат АСЫЛ,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында “жемқорлардан тәркіленген” қаржыға 10 мектеп салынбақ

    Алматы облысында “жемқорлардан тәркіленген” қаржыға 10 мектеп салынбақ

    2 years ago
    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    Қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

    4 months ago
    Әрқашан күн сөнбесін

    Әрқашан күн сөнбесін

    1 year ago
    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    Президент өндірістік жылыжай кешеніне барды

    2 years ago
    Жаңбыр суы да өндіріске жаратылмақ

    Жаңбыр суы да өндіріске жаратылмақ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>