-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құндылыққа негізделген тәрбие

    12.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Құндылыққа негізделген тәрбие
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Ұзынағаш ауылындағы «Аққайың» бөбекжайында «Біртұтас құндылыққа бағытталған білім беру жүйесі» тақырыбында семинар өтті. Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік орталығы ұйымдастырған шараға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері қатысты.

    Семинар барысында тәжірибелік алаңда «Аққайың» бөбекжайының тәрбиешілері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жұмыстарын көрсетті. Атап айтқанда, А.Жұмажанова «Күншуақ» ортаңғы тобымен «Ауылға саяхат», Б.Шажабаева «Көбелек» мектепалды тобымен «Шыны ішіндегі гүлдер» тақырыбында сабақтарын өткізді. Көпшілік назарына «Ромашка» кіші тобының тәрбиешісі Ю.Штайнерт «Домашние животные» сабағын ұсынса, А.Мұқанова «Цветик-семицветик» ересектер тобымен «Әжеге қонаққа барғанда» тақырыбындағы іс-әрекеттерді ортаға салды. Бөбекжай әдіскері А.Тоқтамысова «Талапай» квест ойынын жүргізіп, ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптеудің қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының әдіскері М.Омарова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және оны оқу үдерісіне интеграциялау» тақырыбында іскерлік ойынын паш етті. Ойын кезінде теория мен тәжірибені үйлестіре отырып, сұрақ-жауап түрінде әдіскерлердің өздеріне тапсырма беру арқылы сабаққа қатыстыра білді. С.Бигелдиев атындағы мектеп-бөбекжайының әдіскері Д.Қосыбаева «Бала тәрбиесінде құндылықтарды қалыптастыру әдістері» атты шеберлік сынып көрсетті.

    Аудандық білім бөлімінің әдіскері Әтіркүл Кожахметова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Онда ҚР Оқу-ағарту министрінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру туралы № 294 бұйрығына тоқталды. Сонымен қатар аталған министрдің № 348 бұйрығы бойынша стандарт талаптарын түсіндірді. Құжатта әр баланың қызығушылығын, ерекшелігі мен қажеттілігін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамыту, әлеуетін ашу, ұлттық бірегейліктің, азаматтық пен патриотизмнің негіздерін қалыптастыру міндеті көзделгенін айтты.

    Өзара тәжірибе алмасқан әдіскерлер ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Сапалы білім – бүгіннен

    Сапалы білім – бүгіннен

    1 year ago
    Еңбек етсең ерінбей…

    Еңбек етсең ерінбей…

    1 year ago
    Энергетиктер еңбегі еленді

    Энергетиктер еңбегі еленді

    7 months ago
    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    Қазақстан-Қытай шекара ынтымақтастығы форумында 16 құжатқа қол қойылды

    2 years ago
    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.