-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәрбие талбесіктен басталады

    04.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тәрбие талбесіктен басталады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Ұлағатты қоғам, қуатты мемлекет болу отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Осы орайда Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесі – ұрпаққа ұлы құндылық» деген тақырыпта ата-аналар форумы өтті.

    Салт-дәстүрді паш ететін ұлттық қолөнер бұйымдары, бүгінгі заман жетістігінің бірі – робототехника үлгілері мен оқушылардың түрлі ғылыми жұмыстары, экожобалары Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеден кейін форумға қатысушыларға ауданның білім саласындағы жаңалықтарын, әсіресе ұрпақ тәрбиесіне қатысты мектеп қабырғасында қолға алған бастамалар барысын баяндайтын бейнеүзінді көрсетілді. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Арайлым Төлеубекова пленарлық отырысты бастап, форум спикерлерін таныстырды.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің қауымдастық профессоры, педагогика ғылымдары­ның кандидаты Сараш Қоңырбаева «Даналық мектебі» клубының жұмысын іске асырудың жаңа мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, ұлттық құндылықтар негізінде отбасылық өмірге жастарды дайындау туралы ойымен бөлісті.
    «Ұлттық тәрбие – ұлттың темір­қазығы, рухани жандүниеміздің бастауы» деген тақырыпта «Ақиқат» республикалық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дәуіржан Төлебаев ұрпақ тәрбиесіндегі баспасөздің алар орны, балаларды газет-журнал оқуға баули отырып, оларды рухани қазынамен сусындатудың маңызына тоқталды.
    «Отбасы – тәрбие мен құндылық мекені» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Президенті жанындағы әйелдер және балалар істері жөніндегі «One Stop service – Бір қадам» орталы­ғының практик-психолог маманы Жеңісгүл Хабаева тұрмыстық, жыныс­тық зорлық-зомбылық, балалар бойындағы қатыгездік пен теріс қылықтардың салдары туралы нақты деректер келтіре отырып, осындай мәселелердің туындауына негізгі себептің бірі баланың өзін бағалай алмауы екенін айтты. «Сондай-ақ мұндай мәселелердің алдын алуда отбасындағы шай үстіндегі қарапайым әңгіменің маңызы ерекше екенін әрбір ата-ана білу керек», – деді.
    «Қазақ қызын арға, ұлын нарға балаған. Ал бүгінде қыздарымыз ардың иесі, ұлдарымыз нардай болып өсіп жатыр ма? Әр ата-ана осы сұраққа жауап беріп, ұрпағының тәрбиесіне ден қоюы керек», – деген ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Асылы Осман отбасылық құндылықтарды ұрпаққа өнеге етудің маңызы жайында сөз сөйледі.
    Сондай-ақ форумға арнайы келген спикерлер – «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының директоры, мәдениет­танушы, баспагер Бағдат Құдияр, мәдениет саласының үздігі, ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаров бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың, отбасының орны жайлы ойларымен бөлісті. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков бала тәрбиесінде ата-аналар мен ұстаздардың бірге жұмыла жұмыс істеп, ел тұтқасын ұстар білімді жастарды тәрбиелеудегі үлкен жауапкершілікті қажет етер қажырлы еңбектеріне табыс тіледі.
    Форум барысында мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген ата-аналарға, соның ішінде жұмысшы мамандық иелеріне аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары тапсырылды. Пленарлық отырыстан кейін оқушылар форумға қатысушыларға мектеп өмірінен сахналық қойылым ұсынып, концерттік бағдарлама берді.
    «Баланы жастан» дейді қазақ халқы. Өйткені ұрпақ тәрбиесі – ұлттың өзегі. Ұлттық құндылықтарды, ұлттық код пен ұлттық рухты бойымыздан жоғалт­пай жалғастыру – әрқайсымыздың парызымыз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, тәрбие талбесіктен, отбасынан басталуы, әрі ол ұлттық құндылықтармен қоса берілуі маңызды.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Электр жарығын беру қалпына келтірілді

    Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы электр қуатымен қамту жөнінде

    1 year ago
    Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне өтемақы төленді

    Қаңтар оқиғасында зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне өтемақы төленді

    2 years ago
    Қарасай ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 10 мектеп салынады

    Үшауысымды мектеп мәселесін жою – басты назарда

    2 years ago
    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    Алматы облысында 4 мектеп құрылысы аяқталды

    1 year ago
    Тарихы терең мереке

    Тарихы терең мереке

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.