-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алаңдатқан мәселе шешімін табады

    08.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Алаңдатқан мәселе шешімін табады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

         Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов Ұмтыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, есеп берді. Мерей ауылындағы күрделі жөндеуден кейін ашылған Мәдениет үйінде өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев қатысты.

    Жасұлан Тоққожаұлы өз баянда­масында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында толық мәлімет берді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі көрсеткіштерді атады. Инвестициялық жобаларға да тоқталды.
    – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында үшауысымды мектептер саны 12-ден 3-ке қысқарды. Өткен жылы 7 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, оның 6-ауы – жайлы мектептер. Биыл тағы 3 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 2-еуі – Алмалыбақ ауылындағы 1500 орынды және Бұлақты ауылында 900 орынды мектептер. Алғашқысы осы жылдың мамыр айында, екіншісі қазан айында қолданысқа беріледі. Сондай-ақ «Асыларман» тұрғын үй кешенінде 2000 орынды мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мектеп қыркүйек айында ашылады деп күтілуде.
    Денсаулық сақтау саласы бойынша аудандағы 47 елдімекеннің 38-інде медициналық ұйым бар. Сонымен қатар 18 медициналық мекеме ескі ғимаратта орналасқан, оларды күрделі жөндеуден өткізу қажет.
    Кәсіпкерлікті дамытуға «Ауыл аманаты» жобасы ықпал етуде, оның аясында 313 өтініш түсіп, 107 тұлғаға 957 миллион теңге сомасына арзан несиелер берілді. «Жер аманаты» жобасы бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 36,4 мың гектар жер анықталды, оның 3,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
    Атқарылған жұмыстарды тыңдай отырып, ауданның табысты дамып келе жатқанын, сумен, электрмен қамту, жолдарды жөндеу, көше жарығын орнату, елдімекендердің, соның ішінде тұрғын үй аумақтарының абаттандырылуы секілді мәселелер шешімін тауып жатқанын байқауға болады. Алайда ауданда халық өте тығыз орналасқандықтан, шешімін күткен мәселелер де жетерлік. Бұл орайда Ұмтыл ауылдық округі де өзгелерден ерекшеленбейді. Бұл округке төрт ауыл (Алмалыбақ, Жалпақсай, Көлді және Мерей) және 23 саяжай серіктестігі кіреді.
    Жиын барысында ауыл тұрғындары түрлі мәселені көтерді. Мысалы, Көлді ауылының үш көшесінің тұрғындары электр энергиясының жиі өшірілуінен, тұрмыстық техниканың жиі бұзылуынан шаршаған. Бұл жерде 20 жыл бұрын жеке тұрғын үй құрылысы басталған кезде жеке трансформаторлық қосалқы стансы орнатылған, оны «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ балансына өткізу қажет, бірақ бұл әлі күнге дейін шешілмей келеді. Жасұлан Токқожаұлының айтуынша, қазіргі уақытта ауданда тұрғын үй массивтерінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде, кейін қосалқы стансалар «Алатау Жарық Компаниясы» теңгеріміне беріледі. Осылайша, бұл тұрғын үй аумағына да кезек келеді.
    Жалпақсай ауылындағы Бекдайыр көшесінде 1957 жылы салынған су құбыры биылғы 17 наурызда жарылды. Бірақ бүгінге дейін жөнделмей келеді. Осыған орай аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына, ауыл әкіміне және қызмет көрсетуші компания өкіліне апаттың себебін анықтап, оны қалпына келтіруді тапсырды.
    Жасұлан Токқожаұлы сонымен қатар алдағы уақытта барлық елдімекенге Қаскелең су топтамасы арқылы таза су жеткізілетінін айтып өтті. Қазіргі таңда бұл жобаға бірқатар түзету енгізілуде. Алғашқы кезеңінде магистральды құбырлар салынады, кейіннен ішкі ауылдық құбырлар жүргізіледі.
    Тағы бір мәселе – Жалпақсай ауылындағы бұрынғы ауылдық Мәдениет үйін мемлекетке қайтару. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жеке қолға берілген болатын. Қазіргі иесі 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы талап етіп отыр. Аудан әкімі бұл мәселе қаржылық қиындықтарға тіреліп тұрғанын, сонымен қатар 11 ауылдық округтің 5-еуінде ғана Мәдениет үйі бар екенін атап өтті.
    Жиын барысында зиратты қоршау қажеттігі, оған жақын жерде 80-жылдары салынған қалдықтарды жинайтын орынға аудандағы барлық ассенизаторлық көліктердің күл-қоқысы тасталып жатқаны жайында айтылды. Бұл мәселе жаңа магистральды коллектор салынып, басқа жерге ағынды суды бағыттау мүмкін болғанға дейін шешімін таппайтыны да жұртшылыққа жеткізілді.
    Кездесуден кейін Әсет Дүйсебекұлы мен Жасұлан Тоққожаұлы жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Барлық көтерілген сұрақ хаттамаға енгізіліп, мүмкіндігіне қарай шешілетін болады.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жол сапасы бақылауда

    Жол сапасы бақылауда

    11 months ago
    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ТАЛҒАР ҚАЛАЛЫҚ №7 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА АЭС БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    8 months ago
    Ғалам жауһары

    Ғалам жауһары

    3 months ago
    Салғырттық сан соқтырады

    Салғырттық сан соқтырады

    9 months ago
    Сенат спикері: Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі

    Отбасындағы зорлық-зомбылықтан тәрбиедегі кемшілік байқалады – Сенатор

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.