-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балқаш ауданы: 1200 адам тұратын ауылда фельдшерлік пункт ашылды

    Енді жергілікті жұрт шалғайдағы қалаға, аудан орталығына сабылмайды

    23.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Балқаш ауданы: 1200 адам тұратын ауылда фельдшерлік пункт ашылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Балқаш ауданына қарасты Миялы ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт іске қосылды. Нысан «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды.

    Мекеме 1200-ден астам ауыл тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған. Құрылысына облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлінген. Ғимаратқа ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылған. Медициналық нысанның 15 бөлмесі бар. Бөлмелер фельдшерлік-акушерлік пунктке қажетті құралдармен жабдықталған.

    Аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың айтуынша, 270 шаршы метр аумақта орналасқан нысан бір мезетте 15 адамға қызмет көрсете алады. Құрылыс жұмыстары 4 айда аяқталып, қазіргі таңда барлық медициналық жабдықтар мен жиһаздар орнатылған. Партия өкілдері бұл нысан ауыл халқына медициналық көмекті қолжетімді етудің нақты қадамы екенін айтады.

    «Анализ тапсыру үшін енді 55 шақырым қашықтағы аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Тіпті қажет болған жағдайда қаладағы ауруханаларға жолдама беріледі. Бұл – партияның шалғай ауылдарға медициналық көмекті жақындату бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деді «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Тәжіковтің мәліметінше, бұл тек бір ауылға арналған жоба емес. Мұндай медициналық мекемелерді көбейту арқылы өңірдің барлық шалғай елдімекендерін дәрігерлік көмекпен қамту көзделіп отыр.

    «Бізге әр азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізгені маңызды. Сол үшін қазіргі уақытта ауылдық жерде денсаулық сақтау нысандарын салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бүгін қолданысқа берілген фельдшерлік-акушерлік пункт осының дәлелі. Жыл соңына дейін 30-дан астам медициналық мекеме қолданысқа берілмек», – дейді Әлімбек Тәжіков.

    Ауыл тұрғындары үшін ғимарат қана емес, дәрігердің тұрақты жұмысы да маңызды. Осы мәселені шешу үшін өңірде нақты шаралар қолға алынып жатыр. Бұған дейін «AMANAT» партиясы ауылға келген жас мамандарға 10 млн теңге көлемінде жәрдемақы беру бастамасын көтерген еді. Соның нәтижесінде, аса тапшы мамандық иелеріне 8,5 млн теңге көлемінде бір реттік төлем беру қарастырылып отыр. Бұл қолдау тек белгілі бір мамандықтарға ғана тиесілі. Шарт бойынша дәрігерлер кемінде 5 жыл ауылда жұмыс істеуі тиіс.

    Айта кету керек, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде биыл 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медицина пунктін салу жоспарланған.

    Ұсынымдар

    Туған жерден нәр алған

    Туған жерден нәр алған

    5 months ago
    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    Сенатор егістік суын тиімді пайдалану жолдарын ұсынды

    2 years ago
    Сақтықта қорлық жоқ

    Сақтықта қорлық жоқ

    2 years ago
    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    Қонаев қаласында жағажайдағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

    2 years ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>