-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Генералдармен кездесті

    18.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Генералдармен кездесті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

       Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы  Қарулы күштерінің құрылғанына 33 жыл толуына орай Шелектегі Мәдениет үйінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы, генерал-майор Бауыржан Ибатуллин мен  КСРО МҚК-нің ардагері, генерал-лейтенант Иван Ивановпен кездесу кеші өтті.

    Политехникалық колледж студенттері мен мектеп оқушыларының танымал тұлғалармен жүздесуіне ардагер-ұстаз, запастағы капитан  Әсет Алжанбай мұрындық болды. Алғашқы сөз алған  генерал-майор Бауыржан Шарифуллаұлы  жеткіншектерге елімізде қандай әскери оқу орындары барын, онда курсанттарға  жасалатын жеңілдіктерді және тағы басқа мәліметтерді кеңінен таныстырып, бабалар аманаттап кеткен ел мен жерді қорғау – қасиетті борыш екенін тілге тиек етті.

    Одан кейін халық арасында «Жан ата» есімімен танымал генерал-лейтенант Иван Иванов өзінің  жүріп өткен өмір жолына тоқталды. Отанның оттан да ыстық екенін соғыстардағы ерлік істерді мысалға келтіріп әңгімеледі.

    Иван Иванов балалар үйінде тәрбиеленген. Кеңес кезінде әскери құпия отрядты басқарып, көптеген тапсырманы бұлжытпай орындауымен ерекшеленген. Шаолин монастырінде бес жыл жаттығып, шыңдалған.  Бокстан, самбодан КСРО спорт шебері атанған. «Жан ата» күнде жеті шақырымға жүгіретінін, көктем айы басталысымен күздің қара суығы түскенше жалаңаяқ жүретінін, әскери қызметте бастан кешірген оқиғаларын, Ауған соғысы туралы, ондағы жанкештілік ұрыста атақты «қара майор» және төрт қазақ сарбазының ерен ерлігі жайында тебірене әңгімеледі.

    Жиында «Ер намыс» республикалық қоғамының төрағасы Ерболат Алядин кездесу кешін ұйымдастырған Әсет Алжанбайды «Д. Қонаев», Шелек политехникалық колледжінің директоры Қуат Дүйсебаевты және аудан белсендісі Нұрлан Мұхаметқалиевті «Алаш» төсбелгісімен марапаттады.

    Экономика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы ғылым академиясының құрметті академигі, БҰҰ экономика комиссиясының мүшесі Дәулет Анарқожа, Ауған соғысының ардагері, «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Байдәулет Дәркенбаев және тағы басқалар  жастарға патриоттық рух беретін сөз тиегін ағытты. Ал  Д. Қонаев атындағы халықаралық қордың вице-президенті, ҚР ішкі істер органының ардагері, запастағы полковник, сазгер Дәулетбек Жанботаев басқосудың маңыздылығына тоқталып,  «Қайран жастық» «Эхо любви» әндерін орындап, жастардың отансүйгіштік сезімін оятты.  Кездесу соңында «Жан ата» жиналған көпшілікке ақ батасын берді.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ

    Ұсынымдар

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    Бас жүлде – «Алтын адам»

    9 months ago
    Жаңа ғимараттар бой көтеруде

    Жаңа ғимараттар бой көтеруде

    2 years ago
    Мен бәріңмен біргемін!

    Мен бәріңмен біргемін!

    2 months ago
    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    БҰҰ аптап ыстықты климаттың жылынуынан көреді

    2 years ago
    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    Тоғызқұмалақ тәлімгері

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.