-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 

    24.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    «Таза Қазақстан»: Жалағашта 10 мың дана шренк шыршасы отырғызылды 
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кеген ауданындағы елдімекендерде тазалық, көгалдандыру, ағаш егу шаралары белсенді жүргізілуде. «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Жалаңаш орман шаруашылығында Шренк шыршасының 10 мың көшеті, 1000 дана қарағай, 200 дана туя отырғызылды.

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бір бағыты «Жасыл аймақ» акциясының мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

    Аталған шараға Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нүсіпбаев Қанат Ақылұлы, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Сабыр Досымбеков, «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиев, Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова, журналист Ербол Азанбек, аудан жастары қатысты.

    Көшет отырғызу барысында Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев және Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев акцияға жиналған көпшілікті табиғатты құрметтеуге шақырып, акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.

    «Облыс көлемінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өте белсенді жүргізілуде. Бүгін Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің Жалағаш орманшылығында осы өңірге бейімделген орманшылар, мектеп оқушылары, колледж студенттері, ауыл тұрғындарының қатысуымен шренк шыршасы, туя отырғызылды. Тек отырғызып қана қоймай, біз ары қарай да күтіп, баптау жұмыстарын жүргіземіз», дейді Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев.

    Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, жүзеге асырып келеді. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін халықпен, әсіресе жастар, мектеп оқушыларымен бірлесіп ауқымды іс-шараларды өткізіп, шынайы үлгі-өнеге болып отыр.

    «Таза Қазақстан» акциясы біздің мекеменің жұмыс бағытымен үндес. Сондықтан алғашқы күннен бастап, халық арасындағы экологиялық мәдениеттің деңгейін арттыру, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне белсенді тарту бағытындағы жұмыстарға белсене қатысып келеміз.Бұған дейін Жалағаш ауылындағы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша С.Бейсембетұлы атындағы мектеп оқушыларының қатысуымен тұқымдарды контейнерлерге отырғызу арқылы көшет өсіру шарасы өткізіліп, «Табиғатты аялау – болашаққа жасаған қамқорлық» атты тақырыппен құстар ұясы жасалып ілінді. Көгалдандыру плантациясына 10 000 Шренк шыршасының көшеті , 1000 қарағай, 200 туя отырғызылды. «Бұлақ көрсең көзін аш», «Тұқым жинау», «Тұқымды себу, өсіру» акциялары жобалануда. Сонымен қатар Жалғаш ауылындағы тұқымбақта өсіріліп жатқан екпе көшеттерді күтіп баптау акциялары өткіземіз деген жоспарымыз бар», – дейді «Кеген орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Айболат Солтанғазиев.

    Мекеме директорныың айтуынша Жалағаш ауылындағы тұқымбақ ағаш тұқымдарын дайындау, өсіру бағытында жұмыс істейтін еліміздегі ең ірі тұқымбақтардың бірі. Мұнда өсірілген ағаш көшеттері бүгінде аудан, облыс көлеміндегі сұранысты орындап отыр.

    Мәселен, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 кыркүйектегі Жолдауындағы мемлекеттік орман қорына 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында мекеменің базалық және уақытша тұқымбағынан Бақанас, Нарынқол, Кеген аудандарына отырғызу үшін 325,5 мың Шренк шыршасының 4 жылдық екпе көшеттері берілген.

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, бүкіл Қазақстандық ағаш егу күніне аудан, облыс көлеміне 1000 түп тоң топырағымен әр түрлі топтағы ағашпен қамтамасыз еткен. Бұл ағаштардың басым бөлігі бүгін Кеген ауданында өткен «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» акциясында егілді.

    Ал жалпы Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі 2025 жылы орманды молықтыру бойынша таулы аймаққа 20 гектар жерге 80,0 мың дана Шренк шыршасының екпе көшеттері, 22 га жерге толықтыру жұмыстарына 25,0 мың дана Шренк шыршасының көшетін отырғызу жоспарлауда. Көгалдандыру плантациясына 3,0 га жерге 30,0 мың дана Шренк шыршасының көшеттері отырғызылып, 0,6 га жерге Шренк шыршасының тұқымы себілмекші. Қазіргі кезде 3,0 гектар жерде 2 млн 970 мың 600 екпе көшеттері күтіп бапталуда.

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

     

    Ұсынымдар

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    1 year ago
    Татулықты ту еткен

    Татулықты ту еткен

    7 months ago
    Жарнама

    Прокуратура: Алматы облысында кәсіпкерлерден заңсыз салық алынған

    2 years ago
    Алатаудың дүлдүлі

    Алатаудың дүлдүлі

    6 months ago
    Түйткілдерді тұрғындармен бірге шешеміз

    Түйткілдерді тұрғындармен бірге шешеміз

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.