-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа жұмыс кестесі

    05.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа жұмыс кестесі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Уақыт белдеуін өзгерту – қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптың бірі. Елімізде уақыт белдеуінің алға жылжығанына бір жылдан асты. Жыл бойы халықтың пікірі екіге жарылып, бірі қолдаса, екіншісі ыңғайсыз екенін айтып дабыл қақты. Осы орайда Тасашы ауылдық Мәдениет үйінде бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне қатысты жиын өтті.

    Басқосуға облыстық дін саласын­дағы мәселелерді зерттеу орталығының дирек­торы Ербол Кәкімсейітов, дирек­тордың орынбасары Хамитжан Данияр, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қанат Бектенов, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
    Жиынды ашып, жүргізіп отырған Қанат Бектенов бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты мәселе бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінде талқылан­ғанын, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы 9 аудан жұмыс кестесін ауыстырғанын жеткізді. Оған сәйкес, жұмыс таңғы 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталатынын, ал түскі үзіліс  12:00-13:30 аралығын қамтитынын, жаңа кесте еңбек өнімділігін арттырып, тұрғындардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл пилоттық жобаны Алматы облысында жүзеге асыру мақсатында тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ұсыныстар мен ой-пікірлер жинақталып жатқанын, осы орайда арнайы комиссия құрылғанын тілге тиек етті.
    Облыстық дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры Ербол Кәкімсейітов: «Ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жұмыс уақытын 08:00-17:00 аралығына ауыстыру орынды әрі қажетті қадам деп есептеймін. Бұл бастаманың көптеген артықшылығы бар», – дей келе, ол жұмыс уақытын жарық мезгілге сәйкестендіру еңбек өнім­ділі­гін арттыру, отбасыға көңіл бөлу, энергияны үнемдеу және эконо­мика­лық тиімділіктерді ескеру мақсатында енгізілетінін алға тартты.
    Пікір алмасу барысында ауыл тұрғын­дары комиссия мүшелеріне бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты өздерін толған­дырған сауалдарды қойды. Ақтасты орта мектебі­нің директоры Қымбат Қамбарбекова, интернат меңгерушісі Құралай Оқасова, ауыл тұрғындары Нұргүл Абықанова, Гаухар Әуезханова өз ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
    Күн тәртібіндегі мәселені талқылаған соң жұмыс уақытының өзгеруіне бай­ланысты қаулы қабылданды.
    – Аудан көлемінде жұмыс уақытын таңғы сағат 8-ге ауыстыру жоспарлануда, бұл өзгеріс қызметкерлер тарапынан оң бағаланып отыр. Қызметкерлердің тиімді әрі сапалы жұмыс істеуі үшін жасалған бұл өзгеріс жақсы нәтиже береді деген үміттеміз, – деп жиынды қорытындылады Қанат Бектенов.
    Сонымен, уақыт өзгерісінің басты артықшылығы – ерте басталатын жұмыс күнінің азаматтарға кешке жеке істері­мен айналысуға мүмкіндік беретіні әрі жарықты тиімді пайдалану арқылы электр қуатын тұтыну үнемделетіні. Жарық уақытта жұмыс істеу өнімділікті арттырып, тиімділікті жоғарылатады.
    Қорытындылап айтар болсақ, ыңғайлы жұмыс уақытына көшу – аймақ тұрғындары үшін маңызды іс. Бұл шешім олардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, уақытты барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    Электр құрылғыларын пайдалану қағидалары және қауіпсіздік ережелерін сақтау

    3 months ago
    Мал дәрігерлері марапатталды

    Мал дәрігерлері марапатталды

    11 months ago
    ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    ЕЛ БІРЛІГІ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

    1 month ago
    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ҒЫЛЫМДА

    2 months ago
    Алматы облысының  цифлық көшірмесі толықтырылуда

    Алматы облысының цифлық көшірмесі толықтырылуда

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>