-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жекпе-жек жеңімпаздары

    04.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жекпе-жек жеңімпаздары
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты «Үшқоңыр» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек спортынан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан үздік шыққан 154 спортшы қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясы өкілдері қатысушыларға сәттілік тіледі.

    «Қазақстанда жекпе-жек өнері қарқын алып келеді. Бүгінгі ел чемпионаты соның бір дәлелі. Өскелең ұрпақ отаншылдық рухта тәрбиеленуі үшін ұлттық спортты жан-жақты насихаттауымыз керек. Қазіргі таңда жастардың жекпе-жек өнеріне деген қызығушылығы басым», – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рахман Шахарбек.
    Жекпе-жек сегізбұрышта өтеді. Бұл спортта бастың артқы жағына, омыртқаға және тіземен соққы жасауға тыйым салынған. Ауырсынатын, тұншықтыратын әдістерге рұқсат етіледі.
    «Әр халық өзінің ұлттық спортын дамытуға ұмтылады. Мәселен, Жапония – каратэ, дзюдо, джиу-джитсу, Корея – таэквондо, Ресей самбосымен танымал. Біз де ұлттық спортты дамытуға күш салуға тиіспіз. Қазақстанда жекпе-жек өнерін насихаттауда жүйелі жұмыстар қолға алынып келеді. Еліміз бойынша 12000-нан аса спортшы айналысуда. Алғашқы чемпионат 2017 жылы Атырауда өтті. Биылғы жарыс жеңімпаздары алдағы Азия чемпионатына қатысу үшін Грузияда оқу-жаттығудан өтеді, –¬ деді Жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының вице-президенті Әзиз Әнетов.
    Бас жаттықтырушы Нұрлан Аманкұловтың айтуынша, Қазақстандағы жекпе-жек федерациясы 2003 жылы құрылған. Алматы облысында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Облыстық федерация құрамында 25-тен астам клуб, 3000 спортшы бар. Солардың ішінде республикалық және халықаралық жарыс жеңімпаздары аз емес.

    Ерлер арасындағы сайыс 9 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер бәсекесі 5 салмақ бойынша өтті. Жарыста 14 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Спортшылардың жылдамдығы мен ептілігі, әдіс-тәсілдері жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Олар жеңіске жету үшін барын салды. Әсіресе, әйелдер арасындағы жекпе-жекте Инас Әшірбек пен Адель Махаметованың финалдағы кездесуін төрешілер жоғары бағалады.

    «Мен бес жасымнан қазақ күресімен айналыстым. Осы уақытқа дейін көптеген жарысқа қатысып, жүлдегер атандым. Арманым – ¬ әлем чемпионы болу. Әрине, ол үшін көп тер төгіп, бапкердің айтқан тапсырмасын бұлжытпай орындауың керек. Сонда ғана жеңіс тұғырынан көрінесің,» – дейді жекпе-жектен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Адель Махаметова.
    Ерлер арасында Алматы облысынан қатысқан Нұрсұлтан Оспан мен Рахат Маратханұлы жүлдегер атанды. Аталған жарыста Алматы облысының спортшылары Шымкент қаласы, Түркістан мен Жетісу облысынан кейінгі үздік төрттіктен көрінді.

    Ұсынымдар

    Қазақ халқына ризамыз

    Қазақ халқына ризамыз

    3 months ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматыда тағы да жер қозғалды

    1 year ago
    Нарық сұранысына сай

    Нарық сұранысына сай

    10 months ago
    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    Алматы облысында үшемдер перзентханадан шықты

    2 years ago
    ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер етеді?

    ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер етеді?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>