-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүзден жүйрік шықты

    12.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жүзден жүйрік шықты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Түркістан қаласында педагогикадағы дәстүр мен инновацияны ұштастырған халықаралық жиын өтті. Білім мазмұнын дамыту институты ұйымдастырған шараға Алматы, Семей, Балқаш, Астана қалалары, Павлодар, Атырау, Түркістан облыстары, сондай-ақ Қырғызстан мен Моңғолиядан жүзге жуық ұстаз қатысты.

    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Оразахынованың авторлығындағы «Сатылай кешенді оқыту технологиясының рөлі» тақырыбында өткен ІІ халықаралық саммиттің басты мақсаты – Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытұлының білім саласындағы құнды мұраларын қазіргі білім жүйесімен үйлестіре отырып, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының функционалдық сауаттылықты арттырудағы тиімді жолдарын айқындау болды.
    Шараның екінші күнінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы шығармашылық ұжымының білім саласын жетілдірудегі іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық олимпиада өтті. Жалпы саны 106 оқушы мен 57 жетекші қатысқан білім сайысына 12 адамнан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қатысушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық білімі, шапшаңдығы мен тапқырлығы сынға түсті.
    Сайыс қорытындысы бойынша, жүзден жүйрік шыққандар жүлдегер атанды. Солардың қатарында Кеген ауданы Ақтасты орта мектебінің 5-сынып оқушысы Кеңесжан Аңсар да бар. Ол жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі – Қымбат Қамбарбекова. Осы саммитке аудан атынан қатысқан мұғалімдер – Қымбат Тоғызбайқызы, Сәуле Кенбаева, Гүлзия Маратқызы шығармашылық байланыс орнатып, тәжірибе бөліскені үшін ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.
    Бұл шара оқушылардың қазақ тіліне деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам екені анық. Осындай игі істер көп атқарылса, ана тіліміздің мәртебесі бұдан да асқақтай түсетіні сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Асылы Осман, Гүлнәра Ходжабергенова

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

    2 years ago
    Ауыл шаруашылығына тың серпін

    Ауыл шаруашылығына тың серпін

    3 months ago
    Оқырманға арнау сөз

    Талғар ауданы “рекорд” жасады!

    1 year ago
    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    9 months ago
    Сан әдісті қолданды

    Сан әдісті қолданды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>