-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Мұқағали мен Ильяның ескерткіші ашылды

    02.05.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Мұқағали мен Ильяның ескерткіші ашылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қазақтың даласы қашанда қойнындағы құтын қонағына бөліп берген қасиетті мекен ғой. Сол құт мекеннің бір бөлшегі Қарадалада да қазақ ұлтымен бірге бірнеше этнос етене жақын ғұмыр кешуде. Бірліктің бесігі тербелуде. Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі бұл өлкеде де ерекше аталып өтті.

    Аудан орталығы Шонжының шығысындағы Тутұғырға аудан басшылары, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, түрлі этнос өкілдері жиналды. Бұл күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы да Қарадалаға атбасын бұра келіпті. Ақын ұрпағының бұл мерекеде дәл осы жерге келуінде үлкен сыр жатыр. Себебі Қарадалаға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев пен ұйғыр этносының өкілі, ақын Илья Бахтияның (Молотов) композициялық ескерткіші қойылды.

    Қос ақынның ажырамас достығы жайлы бұған дейін де көп айтылған. Олардың Мәскеу төрінде бірге оқып, айырылмас дос болып, шығармашылықта да мұңдас, сырлас болғандығы жайлы да жақсы білеміз. Қазақ пен ұйғырдың татулығының символы ретінде қос қаламгерге ескерткіш қою мәселесі бірнеше жыл бұрын қозғалған болатын. Нәтижесінде алып тұлғалардың алып ескеркіші Қарадалада бой көтерді. Бұл ескерткішке 26 миллион 463 мың теңге қазынадан бөлінді. Жобаға ұсынылған үш жұмыстың ішінен мүсінші Қазыбек Дулатовтың туындысын комиссия мақұлдады.

    Ескерткіштің ашылу салтанатында ең әуелі Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова сөз алды. Бота Серікқызы өз сөзінде Мұқағали мен Ильяның достығын, қос ақынның поэзия мен руханият жолындағы ұлы миссиясын ерекше атап өтті. Сонымен қатар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев, Илья Бахтияның бауыры Сунят Ибрагимұлы, Алматы облысының құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов және ақын-драматург Бақыт Беделхандар да бұл шараның маңызын айтып, құт қонған Қарадалада қос ақынның еңселі ескерткішінің бой көтеруін жақсылыққа балады.

    Ел ағалары ескерткіштің лентасын қиды. Ақ жаулықты аналар Жаратқаннан жақсылық тілеп, тойдың көркін қыздырып шашу шашты. «Қарадала халық театрының» әртістері «Досым, саған айтамын..» атты шағын қойылым қойды. Олар сомдаған Мұқағали мен Ильяның бейнесі көпшіліктің көңілін тебірентті.

    Өнерде де, өмірде де дос болған қос ақынның ескерткіші аудан тұрғындары үшін қос халық арасындағы тарихи достықты, әдеби және мәдени үндестікті бейнелейтін ерекше нышан болмақ. Пейілі кең қазақтың мейіріміне бөленген ұйғыр этносының да аудандағы игі жақсылары бұл ескерткіш өздеріне қазақтың тағы бір сыйы деп бағалағаны анық.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

     

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Ұсынымдар

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Газбен қамтылады

    7 months ago
    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    “Қолжетімді интернет” Ұлттық жобасына 560 млрд теңге бөлінбек

    2 years ago
    Жылыжай – береке бастауы

    Жылыжай – береке бастауы

    4 days ago
    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    11 months ago
    Мықты қазақ

    Классикке арналған кеш

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>