-13 °c
Qonaev
Thursday, June 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балалар қуанған күн

    02.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Балалар қуанған күн
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Еңбекшіқазақ  ауданы Азат  ауылында  Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық аспан астында мерекелік шара өтті. Елдімекен балдырғандарын шаттыққа шомдырған мерекелік концерт ауыл жастарының бастамасымен ұйымдастырылды.

    Ең алдымен ауыл әкімі балаларды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

    – Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Өңірімізде  балалардың жан-жақты дамуына, әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Ойын алаңдары ашылып, балдырғандардың спортпен  айналысуына жаңа мүмкіндіктер жаратылуда. Барша бүлдіршінге шуақты жаз айымен қатар келген мерекеде шаттыққа толы балалық шақ пен бақытты ғұмыр тілеймін! –  деді Рахат ауылдық округі әкімінің  міндеттін атқарушы  Руслан Қыдырқожаев.

    Мерекелік  бағдарлама  аясында  кішкентай суретшілер қылқаламмен, бормен түрлі тақырыпта сурет салып, шахмат ойнап, асық атты. Жас өнерпаздар ән айтып, би биледі.  Ал ауыл жастары мыңға жуық балаға балмұздық пен түрлі тәтіллерді тегін үлестірді. Құлыншақтарды қуантқан ауыл жастарына ақсақалар да дән риза болды.

    –  Адам баласы өмірге келгенде алғаш болып мейірімділікті сезері хақ. Жөргекте жатқан шақалақ тас құрсағын жібітіп, бала дегенде бауыр еті езілетін ана мейіріміне бөленеді. Бұл турасында «Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш – мейірім мен рақым ғана» деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев бекер айтпаса керек. Осы екі құндылықты бойына сіңіріп, ұштастыра білген адам ғана артына сөнбес із қалдырып, бұл өмірді толыққанды сүрдім деп айта алады. Иә, жомарттық, мейірімділік сынды асыл қасиеттер екінің бірінің, егіздің сыңарының бойынан табыла бермес. Бірақ біздің ауылда уыздай ұйыған береке, жақсылықпен жалғасып келе жатқан тамаша дәстүр бар. Сол дәстүрді жастар жаңғыртып жатыр. Бүгінде балалардың жайраңдаған жүзін көріп қуанып отырмыз. Өйткені олар үлкендерден ізгіліктің жолын үйренеді, –  деді Үсен қария.

    Өз тілшіміз

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН

    ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТӨНБЕСІН

    9 months ago
    Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

    Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек беріледі

    2 years ago
    МАЛЫБАЙ БАТЫР

    МАЛЫБАЙ БАТЫР

    7 months ago
    Сауда соғысының салқыны бізге тие ме?

    Сауда соғысының салқыны бізге тие ме?

    2 months ago
    Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды

    Алматы облысының әкімі Шанхай қаласындағы YTO Express штаб-пәтеріне барды

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.