-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Үздік әлеуметтік серіктес

    03.06.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Үздік әлеуметтік серіктес
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Әлеуметтік әріптестік – бұл қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші. Қазіргі заманғы кәсіптік білім беру аясында ол  білім беру сапасын арттырудың негізгі тетігі болып отыр. Жақында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің мәжіліс залында Жұмысшы мамандықтары жылына орай өткен салтанатты іс-шара осы тақырыпқа арналды. Қонақтар мен шараға қатысушылар ең үздік әлеуметтік серіктесті анықтап, жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін қандай маңызы бар екенін талқылады.

    Талғар агроколледжінің басшылығы шараның лайықты өтуі үшін барын салғаны бірден байқалады. Мәжіліс залы мерекедегідей безендірілген, ғимараттың алдындағы алаңда қызыл кілем төселген, колледж түлектері қаз-қатар тізіліп, сапта тұр.  Қонақтардың қатары да аз емес, олардың арасында әлеуметтік серіктестер, оқытушылар, студенттер бар.

    Шарада алғашқы болып облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Ербол Жаңбыров сөз сөйледі.

    – Құрметті түлектер, сіздер бақытты жандарсыздар. Өйткені, білім алатын колледждеріңіз тәжірибеге бағдарланған оқу орны болып саналады. Мұнда әлеуметтік әріптестік жүйесі жақсы дамыған. Бұл дегеніңіз –      тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік. Әлеуметтік әріптестік оқушылардың теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекітуді, тереңдетуді және жүйелеуді, таңдаған мамандық бойынша қажетті практикалық іскерлік пен дағдыларды үйретуді көздейді, – деді ол.

    Агроколледж директоры, филология ғылымдарының магистрі Динара Бозымбекова қоғам өміріндегі жұмысшы мамандықтары жылының маңыздылығына тоқталды. Бұл – таңдаған кәсібінің нағыз маманы болуға ұмтылатын колледж тәрбиеленушілері үшін үлкен ынталандыру екенін еске салды. Ол сонымен бірге колледж ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс жасап келе жатқан әлеуметтік серіктестердің рөлін айрықша атап көрсетті.

    Шараға қатысушылар алдында «Алматы өңірлік несие банкі орталығы» филиалының директоры Манат Байғонысов, Талғар аудандық ветеринария басқармасының басшысы Болатбек Атейбеков те сөз сөйлеп, түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады, олардың еңбек жолына сәттілік тіледі.  Сонымен бірге олар Алматы облысы өнеркәсіптік өңір ретінде жұмысшы мамандықтарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасап отырғанын айтты. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек нарығындағы тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ жастардың әлеуетін ашуға ықпал етеді. Сондай-ақ Талғар аудандық «МАНСАП» орталығының басшысы Айбек Рахымбаев пен аудандық «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Қалжанов та сөз алып, осы шараға қатысқаны және студенттер мен колледж түлектеріне өндірістік тәжірибеден өтуге, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастыруға көмектескені үшін әлеуметтік серіктестерге алғыстарын білдірді.

    Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің инженерлік технологиялар факультетінің деканы Ләззат Алдыбаева да өз ойын ортаға салды.

    – Қазіргі заманғы білім беру – даму процесінің белсенді қатысушыларына айналатын кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықты көздейді. Білім беру құндылықтарымен бөлісетін компаниялар бірыңғай білім беру саясатын қалыптастыруға ұмтылады және қолдау көрсетуге дайын. Олар білім беру мекемелеріне өзекті міндеттерді шешуге көмектесе отырып, әлеуметтік әріптестер ретінде әрекет етеді. Жұмысшы мамандықтары жылы – бұл еліміздің болашағына бағытталған, бізді қоғамға жаңа көзқараспен қарауға итермелейтін ерекше қадам. Жұмысшы мамандықтары, олардың еңбегі мен құндылығы әрқашан жоғары бағалануы тиіс, – деп атап өтті ол.

    Шара соңында марапаттау рәсімі өтіп, ең үздік әлеуметтік серіктес марапатталды. Талғар аудандық ветеринария басқармасының  басшысы Болатбек Атейбеков диплом алдындағы өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға қосқан елеулі үлесі және колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға барынша қолдау көрсеткені үшін «Үздік серіктес» мүсіншесіне ие болды. Сондай-ақ «Алматы жолдары» ЖШС басшысы Мұрат Сапарғалиев, «Талғар металл өңдеу кәсіпорны» ЖШС директоры Виктор Ползюков, «Royal Cars» ЖШС техникалық директоры Эмиль Урлачеру, «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ» АҚ басшысы Меруерт Аманжанова, тағы басқа да серіктестерге Алғыс хат табысталды.

    Одан кейін бірқатар жаңа кәсіпорындармен, атап айтқанда «ROYAL CARS» ЖШС техникалық сервис орталығы, «TOYOTA CITY ALMATY» және «Талғар металл өңдеу зауыты» ЖШС-мен өзара әріптестік жөнінде  меморандумға қол қою рәсімі өтті. Олар Талғар агробизнес және менеджмент  колледжінің әлеуметтік әріптестер қатарын толықтырды. Сонымен бірге колледждердің жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлау саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту және тереңдету мақсатында еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарымен меморандумдарға қол қойылды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында

    2 years ago
    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Конституциялық мәртебесі бар институт

    1 year ago
    Сахара сандуғашы

    Сахара сандуғашы

    4 months ago
    Заңсыз құжат рәсімдеу жолдары кесілмек

    Заңсыз құжат рәсімдеу жолдары кесілмек

    2 years ago
    Әлемге танымал кәсіпкерлер мен көшбасшылар бас қосады

    Өңірдің туристік әлеуетін арттыру жайы талқыланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>