⛅
5°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбекке еркіндік берді

    30.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Еңбекке еркіндік берді
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           1995 жылы қабылданған Ата Заң азаматтардың еңбек етуіне де еркіндік берді. Сол жылдары жаппай жұмыссыздық белең алып, халық тұтынатын тауарлар тапшылығы пайда болғаны есімізде. Электр жарығы жиі сөніп қалатын. Менің құрдастарымның қайнаған өмірге нағыз араласатын жас кезі осындай келеңсіздіктерге тап келген еді.

    Әр жұмыстың басын бір шалып көрдім. Бірақ ісім алға жүрер емес. Негізінде адамды табысқа бастайтын өзінің табандылығы екені белгілі. Алайда еңбек ету еркіндігі болмаса, ол да жеткіліксіз. Еңбек еркіндігіне еліміздің басты Заңы жол ашты деп есептеймін. Іздену, ненің тиімді екенін тауып, өзіңнің игілігің үшін тер төгу керек болды. Бұрын зат алып-сату ұят көрінетін, енді ол кәсіпкерлік саналды. Онсыз күнкөріс қиын. Сол кезде мен Ұзынағаш ауылындағы газ шаруашылығына жұмысқа орналастым. Содан бастап 30 жыл бойы осы салада еңбек еттім.

    Тұрғындарды сығымдалған газбен қамтамасыз ету ісі сол кезде халыққа ең керекті игіліктердің бірі еді. Ол кезде ауданға табиғи газ құбыры тартылмаған болатын. Көгілдір отын толтырылған құтыға деген сұраныс жоғары болды.  Газ баллонын әр үйге сұраған уақытында жеткізіп беру де оңай шаруа емес. Бұл іс те дәлдікті, төзімділікті, адалдықты қажет етеді. Аудандық газ шаруашылығында 10 жыл жұмыс істегеннен кейін «ЛП Газ» мекемесінің Ұзынағаштағы филиалының директоры болып қызметім көтерілді. Ол да газ шаруашылығымен айналысатын. Одан төрт жыл өткенде өзім жекеменшік «Абылай Газ» ұйымын құрдым. Содан бастап бұл жұмысты жеке кәсіпкер ретінде жалғастырып, халыққа қызмет көрсеттім.

    Конституция негізінде мемлекетіміздің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұстанған саясатына өте ризамын. Бұрындары сансыз тексеруден көз ашпаушы едік. Оның көпшілігі жұмысқа кедергі келтіретін. Жөнсіз тексерулерге тыйым салынған жылдары алаңсыз жұмыс істеуге көп көмегін тигізді. Газ шаруашылығын дамытамын дегендерге мемлекеттен субсидия бөлінді. Түскен табысқа орай халыққа әртүрлі жеңілдік шараларын ұйымдастырып тұрдым. Тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалмадым. Арнайы қаржы бөліп,  тұтынушыларымыздың арасында жүйелі түрде ұтыс ойындарын өткіздік. Сапалы қызмет көрсетуді ең бірінші орынға қойдық. Соның нәтижесінде ұзақ жылдан бергі тұрақты тұтынушыларымыз көптеп саналады. Шүкір, төккен тер зая кеткен жоқ. Қажетті техникалар алып, кәсібімді кеңейттім.

    Бір салада 30 жыл бойы еткен еңбегімнің жемісін көрудемін. Осы істе өзіммен бірге тағы бірнеше адам тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасыларының нәпақасын айырды. Өмірлік жарым Нұрбақыт екеуміз төрт бала тәрбиелеп, өсірдік. Келін түсіріп, қыз ұзатып, немерелі болдық. Ұлым Абылай да маған қолғанат болып, біраз жыл осы істі жүргізді, қазір жоғары білімі бойынша өз мамандығымен басқа салада еңбек етеді.

    Мұхтар Сатыбеков,

    Жеке кәсіпкер

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

    3 years ago
    Балалар қуанған күн

    Балалар қуанған күн

    6 months ago
    Қонаевта 12 түлек шетелдік грант ұтып алды

    Қонаевта 12 түлек шетелдік грант ұтып алды

    1 year ago
    Ел дамуының жаңа белесі

    Ел дамуының жаңа белесі

    2 months ago
    Жігерді жанитын «Ауған жыры»

    Жігерді жанитын «Ауған жыры»

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>