-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жазушы мерейі

    05.07.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой
    Жазушы мерейі
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

        Жамбыл аудандық Мәдениет үйінде көрнекті жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлының 75 жасқа толуы аталып өтті. Қарымды қаламгердің туған жерінде өткен шараға елге белгілі зиялы қауым өкілдері, жазушылар, өңір жұртшылығы қатысты.

    Салтанатты жиында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев сөз алып, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің мерейтой иесіне деген арнайы тілегін жеткізді. Құттықтау хатта Нағашыбек Қапалбекұлының ұлт руханиятына қосқан еңбегіне ризашылық білдірілген. «Саналы ғұмырыңызды отандық журналис­тика мен әдебиеттің өркендеуіне арнадыңыз. Қоғам қайраткері, жазушы, зерттеуші ретінде атқарған көп қырлы қызметіңіз болашақ ұрпаққа өнеге, ал бүгінгі қоғам үшін үлкен мақтаныш. Ел тарихын тереңнен зерделеп, тұлғалар тағдырын шебер бейнелеп, ұрпақ санасына ұлттың рухын сіңіріп келесіз. Бұл – нағыз қаламгерге тән миссия. Өмір жолыңыз – елімізге деген адалдықтың айқын үлгісі. Ұлт тарихы мен тұлғаларын насихаттауда, әсіресе Жамбыл Жабаев пен оның ақындық мектебі жайлы зерттеулеріңіз – ұлттық мұрамызды жаңғыртудың жарқын көрінісі. Еңбектеріңіз – халқымыздың тарихи жадын сақтауға қосқан зор үлес. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шалқар шабыт, толағай табыс тілеймін!» – делінген облыс басшысының құттықтауында.
    Аудан әкімі Нұрлан Ертас жерлес жазушыға деген ізгі тілегін білдірді. Кеш иесінің иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, зор құрмет көрсетілді. Әдеби-сазды кештің тізгінін Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның бас директоры Ақан Әбдуәлі қолға алып, салиқалы сөзімен тұздықтай отырып, шебер жүргізді. Еңбек жолын ауданда бастаған жазушының өмір жолы кеңінен баяндалды. Мінбеде сөз алған аузы дуалы әдебиет майтал­мандары мен ғалымдар жазушы шығармашылығының ерекшелігіне, көркем туындыларында өмір шын­дығының шынайы суреттелуіне тоқталды. Жеке басындағы жақсы қасиеттер де сөз болып, шығармашылық адамына керекті қасиеттердің барлығы Нағашыбек Қапалбекұлында бар екені айтылды.
    Бұл орайда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, ҰҒА академигі, филология ғылымдары­ның докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы жазушы шығармаларының көркемдік деңгейін сөз етсе, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Жақып мерейтой иесіне арнаған «Елге сыйлы елгезек» атты өлеңін оқыды. Кеш барысында қазақтың қабырғалы қаламгері Нұрлан Оразалиннің жолдаған тілегі, басқа да белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, шетел жазушыларынан келіп түскен ізгі лебізге толы жеделхаттар оқылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хаты табысталды. Қонаев атындағы заң университетінің ректоры Өмірәлі Жалайыри, облыстың Құрметті азаматы Әскербек Абаев ізгі тілектерін білдірді. Сахна төрінде жазушының баспадан жаңа шыққан «Сакура гүлдегенде» кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты. Сөз өнерін жанына серік еткен аудан жастары жазушы шығармаларынан үзінді оқыды. Елге белгілі дәстүрлі әншілер мен эстрада жұлдыздары, аудан­дық «Сүйінбай сазы» ансамблінің өнерпаздары әуелете ән салды.
    Саналы ғұмырын ұлттық руха­ниятқа арнап, өндірте жазып келе жатқан Нағашыбек Қапалбекұлы өз шығармалары арқылы республика оқырмандарына кеңінен танымал. Шығармалары бірнеше шет тіліне аударылған. Ол Жамбыл мен Сүйінбай мұрасын насихаттауға, әдебиет әлемінде өшпес із қалдыруға сүбелі үлес қосып жүрген бірегей жазушы. Әр жылдары көптеген прозалық кітабы жарық көрген. 2021 жылы Жамбыл мұрасы жайлы 40 томдық жинақ шығарса, өткен жылы Сүйінбай ақынның 10 томдық толық шығармалар жинағын құрастырды. Жалпы саны 50-ден астам кітаптың авторы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    “Жолан жүйрігі” ат бәйгесі мәресіне жетті

    2 years ago
    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    7 months ago
    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    Тазалық пен спорт – денсаулық кепілі

    2 months ago
    Байсеркеліктерді алаңдатқан мәселе

    Байсеркеліктерді алаңдатқан мәселе

    11 months ago
    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>