Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының оқу-жаттығуы өткізіледі

Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының оқу-жаттығуы өткізіледі

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Қонаев қаласының маңындағы 272 учаскесінде орналасқан “Нартас” ЖШС-нің қоймасында Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсаты, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің жолын кесу шараларын жетілдіруге бағытталған.

Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, көлік пен адамдар қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облысының жедел штабы