⛅
-2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жыр тиегін ағытқан күн

    04.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Жыр тиегін ағытқан күн
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Кеген аудандық Мәдениет үйінде ұлт руханиятының айтулы тұлғасы, ақын, жыршы, сазгер Бөлтірік Атыханұлының туғанына 155 жыл толуына орай оқушылар арасында «Атадан қалған асыл сөз» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті.

    Аталған жыр жарысын облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Кеген аудандық Бөлтірік Атыханұлы атындағы айтыс, жыр-терме орталығы бірлесе ұйымдастырды. Шараға кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Омар Қиқым, жыр-терме орталықтарының тәлімгерлері, өнерлі шәкірттердің ата-аналары қатысты.
    Мақсаты – облысқа қарасты жыр-терме орталықтарында тәлім алып жатқан оқушыларға жан-жақты жыршылық, термешілік бағытында терең­детілген білім беруді жетілдіре отырып, өнерге деген қабілетін шыңдап, тұлғалық болмысының қалыптасуына ықпал ету.
    Байқауға Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, өнер зерттеушісі Тілеулес Құрманғалиев, облыстық халық шығармашылық орталығы жыр-терме бөлімінің маманы, жыршы-термеші Серік Сүйіндік, Кеген аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Кәдірбек Сүлеймен қазылық жасап, оқушылар өнерін сарапқа салды.
    – Бөлтірік Атыханұлы – өз дәуірінде ел бірлігі мен ынты­мағын ту еткен тұлға. Оның даналық сөздері мен тағылымы, терең ойлары ғасырлар өтсе де, өзектілігін жоймай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Бұл байқау – халқымыз­дың тарихын, өмір салтын, рухани байлығын бейнелейтін өнер додасы. Сол өнерді ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз, – деген Тілеулес Құрманғалиев үміткерлерге сәттілік тіледі. Ақынның ұрпағы Бақытгүл Бөлтірікқызы жас дарындарға батасын берді.
    – Байқау барысында 11 өнерпаз Бөлтірік атамыз бен өзге де өңір шайыр­ларының шығармаларын орындады. Жастайынан қаланған берік іргетас өскен сайын кемелдене береді. Жыр додасынан оқушылардың алғаны көп болды деген ниеттемін. Сондай-ақ осы өнер жарысын ұйымдастыруға ұйытқы болған азаматтар – Серік Айтбайұлы, Еркебұлан Нұрбайұлы, Нұрым Байбала, Расул Сауытбектерге әулет атынан айтар алғысымыз шексіз, – деді Бақытгүл Бөлтірікқызы.
    Қазылар алқасы жас жыршы-терме­ші­лерге мақамды салу мәнері, сахна мәдениеті мен шығарманы жатқа орындауы бойынша өз бағасын берді. Нәтижесінде Қарасай ауданы­нан келген Оралхан Іңкәр (тәлімгері – Ақбота Манарбекқызы) бас жүлде иегері атанды. Талғарлық Айтбай Ақжарқын (тәлімгері – Сүйіндік Серік) І орынды жеңіп алды. ІІ орынға Жамбыл ауданынан қатысқан Жамбыл Омарбек­ұлы (тәлімгері – Жылбек Тоқтасынов) мен кегендік Арғынбек Жанасыл (тәлімгері – Байбала Нұрым) лайық деп танылды. Талғар ауданы­нан келген Қорған Айдосұлы (тәлім­гері – Рахымбай Ермек) ІІІ орын иегері атанды. Райымбек ауданынан Айару Дарханқызы (тәлімгері – Құрметжан Ербақ) «Бөлтірік Атыханұлы» атындағы арнайы жүлдені еншілесе, Рахымбек Серік (тәлімгері – Мұхамжан Берікбол) «Көдек Байшығанұлы» атындағы арнайы жүлдені иеленді. Дода жеңім­паз­дары мен тәлімгерлеріне қаржылай сыйлық пен арнайы грамо­та­лар табыс­талса, басқа да қатысу­шы­лар Алғыс хаттарға ие болды.
    Осылайша, шешендік өнердің шебері Бөлтірік Атыханұлының 155 жылдық мерейтойына арналған облыстық байқау өз мәресіне жетті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Елтаңбаны өзгерту – уақыт күттірмейтін мәселе

    Ел қуаты – бірлікте

    2 years ago
    Омарта ісін дамытқан

    Омарта ісін дамытқан

    5 months ago
    Кәсіпкерлер бас қосты

    Кәсіпкерлер бас қосты

    1 year ago
    Ертуған ерледі

    Ертуған ерледі

    9 months ago
    Тиісті шешімдер қабылданды

    Тиісті шешімдер қабылданды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>