Алматы облысындағы республикалық маңызы бар жолдарға 16 мың текше метрден астам құм себілді. Қыс мезгілінде көлік козғалысына кедергі келмеуі үшін көктайғаққа қарсы дайындалған материалдың жалпы көлемі 30 мың текше метрден асады. Сонымен қатар жолдарды тазалау жұмыстарына 120 арнайы техника, 359 қызметкер жұмылдырылған. Инертті материалдарды “Жол активтері Ұлттық сапа орталығы” РМК Алматы облыстық филиалының мамандары толық тексерістен өткізген.
Алматы облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы – 1668 шақырым. Оның ішінде 1559 шақырымын «ҚАЖсервис» ЖШС-нің Алматы облыстық филиалы күтіп ұстап отыр.
Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда еліміздегі көлік жолдары халықаралық стандарттарға сай болуы қажет екенін айтты.
«Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл, біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады» – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бұған дейін де күре жолдардың сапасы арттыру айрықша міндет екенін айтқан болатын. Айта кету керек, жылдың төрт мезгілінде де жолдарды күтіп ұстауға арналған арнайы істеледі. Бұл автокөліктердің сапалы жолдарда қатынауына мүмкіндік береді.




