⛅
23°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Заманауи емхананы көрді

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Заманауи емхананы көрді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулысы Ұзынағаш ауылындағы бір ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емханада денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті.

    Мәжіліс депутатын Жамбыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ақниет Тұматаев пен медицина саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Доғдыргүл Молдахалықова қарсы алып, жақында ғана пайдалануға берілген емхананың жұмысымен таныстырды. Заманауи емдеу орны Мемлекет басшысының өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ашылған. Мұнда Жамбыл ауданының 200 мыңнан астам тұрғынына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетілетін болады. Жаңа емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған, оның ішінде маммография, флюорография, рентген, эксперттік УДЗ аппараттары және басқа да диагностикалық құрылғылар бар. Онда күндізгі стационар қызмет көрсетеді.
    Қазыбек Жарылқасынұлының сапары барысында аталған медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы, кадрлық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Депутат сала қызметкерлерінің ұсыныс-пікірін тыңдап, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық инфрақұрылымды нығайту және кадр мәселесін кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті. Халықпен және сала мамандарымен осылай тікелей жүздесу – нақты мәселелерді анықтап, тиімді шешімдер қабылдаудың маңызды тетігі. Қызметкерлердің сапалы әрі нәтижелі жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай барынша жасалған жаңа емханада депутат барлық тұрғынға жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсетілетініне сенім білдірді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Білімнің қайнар бұлағы
    22.04.2026
    Балабақшадағы думанды күн
    22.04.2026
    Сан қырымен танылған
    22.04.2026
    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>