Конституциялық реформа жөніндегі кеңестің X отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұқанов кеңеске жолданған волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстың қолдау тапқанын айтып, пікір білдірді. «Волонтерлық қызмет туралы заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескере отырып, бұл ұсыныс қолданды. Жобаның 37-бабының 2-тармағына ҚР-да ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де әлеуметтік қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады деген толықтыру енгізілді», – деді ол. Бұл бастама – азаматтық қоғамды дамыту, жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын нығайту жолындағы маңызды қадам. Еріктілердің құқықтық мәртебесін айқындап, олардың қоғам өміріндегі рөлін арттыруға, әлеуметтік бастамалардың жүйелі түрде қолдау табуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар волонтерлік қозғалыстың тұрақты дамуына серпін беріп, халықтың әлеуметтік белсенділігін күшейтеді.
Еркін Темірәлиев,
Қарасай ауданы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектептің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
