Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында орналасқан ауруханада коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы кеңінен ақпарат берілді. Медицина қызметкерлері мен тұрғындарға заң үстемдігі, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды. Аталған түсіндірме жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталды.




