⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаларға базалық

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Балаларға базалық
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін «Сәуле Сапар» оңалту орталығының жеткіншектері мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бұл орталықта 115 бала әртүрлі диагноздармен емделуде. Өз ата-аналары мен орталық қызметкерлерінің қолдауымен олар әдемі концерттік бағдарламалар мен мерекелік дастарқан дайындады.

    Мерекелік шара фанфарлардың үнімен ашылды. Шараның басталуын орталықтың педагогы, АВА-терапевт Нұрай Сәбит жариялады. Емделуші Ясмин Сатаеваның әжесі мен орталық директоры Казбек Халлман барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтады.

    Осыдан кейін ұсынылған концерттік бағдарлама көпшілік көңілінен шыққаны анық. Балалар тобы өздерінің қымбатты аналарына арналған «Ана» атты әсем әнді орындады. Солардың қатарында Ясмин Сатаева да бірнеше ән орындап, көпшілікті өнерімен тәнті етті. Балалар тобы «Бозжорға» биімен, қыздар тобы «Текемет» биімен көрермендерді қуантты. Кішкентай Нұрсұлтанның анасы Назира да әдемі әрі көңілді ән айтып берді. Сонымен қатар балалар түрлі ойындар ойнап, ата-аналар арасында армрестлинг пен арқан тартудан жарыстар өтті. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

    Мерекенің тағы бір ерекшелігі – «Тұсаукесер» дәстүрі десе болады. Бұл рәсімге ДЦП диагнозына қарамастан, оңалту курсынан өтіп, алғашқы қадамдарын жасаған Бақыт Сұлтан қатысты. Мереке дастарқан басында жалғасын тапты.

    Орталықтың тәрбиеленушілері үшін мұндай мерекелер жеткен жетістіктерін көрсету мүмкіндігін берді. Бұрындары әлсіз, дәрменсіз болған кішкентай ханзадалар мен ханшайымдар қазір ән салып, би билеп, өлең оқып, ойын ойнап, осындай мерекелерді бірге өткізіп, үлкен бір отбасыға айналды.

    Қуат Қайранбаев 

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>