⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өрт қауіпі: Алматы облысында 13 мобильді топ жұмыс істеуде

    16.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Өрт қауіпі: Алматы облысында 13 мобильді топ жұмыс істеуде
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Алматы облысында орман алқаптарында 10 өрт тіркеліп, қызыл жалын 140 гектардан астам аумақты шарпыды. Сондай-ақ құрғақ шөп жанып, 65 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Айғаным Мусекенова мәлімдеді.

    Тілсіз жаудың алын алу мақсатында төтеншеліктердің мұрындық болуымен рейд шаралары іске асады. Оған азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен құралған арнайы 13 мобильді топ атсалысуда. Аталған топтың құрамында 61 маман бар.

    «119 елді мекенге іргелес аумақтар құрғақ өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазартылды. Минералдандырылған жолақтар жасалды. Бұл өз кезегінде өрт қаупінің бетін қайтаруға ықпал ететін маңызды қадам» – деп атап өтті Айғаным Мусекенова.

    Айта кетейік, өңірде мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жер көлемі 3,2 млн гектар болса, соның 1,6 млн гектары орман алқабына тиесілі. Бүгінде 12 орман шаруашылығы мекемесі және 5 ұлттық парк пен қорық жұмыс істеп тұр.

    «Орман және дала өрттерін сөндіру кезіндегі өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында облыстық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. «Қазәуеорманқорғаумен» мониторинг жүргізу үшін шарттар жасалуда, оған Ми-8АМТ МТВ және Ка-125 әуе кемелері тартылады. Сонымен қатар, өрт жағдайы күрделенген жағдайда қосымша 8 авиациялық техника жұмылдырылатын болады» – деп қорытындылады спикер.

    Еске саламыз, биыл өрт қауіпі кезеңі 26 наурыздан 1 қарашаға дейін жалғасады.

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>