⛅
21°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

    22.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Бақанас магистральды каналының маңы қоқыстан тазартылды. Акция аудандағы санитарлық тазарту, қоршаған ортаны, табиғатты аялау, ағаш отырғызу арқылы көркейту және көгалдандыру жұмыстарын сапалы түрде жүзеге асыруды көздейді. Осыған орай әр аптаның сәрсенбі және сенбі күндері сенбілік күні ретінде белгіленген болатын.  

    Аталған сенбілікке “Тазалық табалдырығыңнан басталады” деген тәмсілді ұран еткен ауыл тұрғындары, мекеме-ұйым қызметкерлері белсене қатысты. Атап айтсақ, олардың қатарында Балқаш аудандық Жастар ресурстық орталығы, аудандық білім бөлімі, М. Сеңгірбаев атындағы орта мектеп, аудандық Мансап орталығы, аудан әкімдігі және Бақанас ауылдық округінің әкімшілігі қызметкерлері бар. Барлығы 53 мекемеден тазарту жұмыстарын жүргізуге қатысқан 120-ға жуық экобелсендінің пікірінше, Отанға деген құрмет ең әуелі туған жер табиғатын аялаудан басталады.

    Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Данияр Нұрмановпен тазалық акциясы жөнінде тілдескен едік. Ол: “Тазалық айлығы басталғалы бері аудан бойынша 9 сенбілік ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 89 көше, 1413 тұрғын үй мен мекеме-ұйым аулалары, онымен қоса бірқатар арық жүйелері және саябақ аумақтары тазартылды. Тұрғын үйлерге әктеу жұмыстары жүргізіліп, олардың шарбақтары мен қоршаулары да сырланды” дей келе, сондай-ақ тазалық айлығы аясында он бір мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланғанын да атап өтті.

    Айта кететін жайт, Бақанас ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Гүлдана Ерланбекқызы мен аталған мекеменің операторы Индира Нұраханқызы тазарту жұмыстарының басы-қасында жүріп, “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы ауқымды жұмыстардың сапалы жүргізілуін арнайы қадағалады.

    Қорыта келгенде аудан көлеміндегі көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазарту жұмыстарының қарқыны жоғары. Сонымен қоса өңірде заңсыз күл-қоқыс тастаудың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырылып тұрады.

    Ағаш отырғызу, тазалық жұмыстарын жүргізу, қоршаған ортаны жасыл желекке айналдыру, экологияға үлес қосу арқылы ауа ластануының алдын алуды балқаштық тұрғындар өз парызына балайды. Табиғатты аялайық!

    Алтынай СЕЙТКЕН

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнімен құттықтады
    23.04.2026
    Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
    23.04.2026
    Ойшыл болғыңыз келсе, кітап оқыңыз
    23.04.2026
    Әскери борыштың берері мол
    23.04.2026
    Ортаймайтын ой қазынасы
    23.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>