Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

54 қаралым

Іле ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты 3 материал қаралды.

Комиссия мүшелері жауапты мекемелердің ақпаратын тыңдап, әрбір жағдайдың мән-жайын жеке талқылады. Сонымен қатар балалар мен отбасыларға қажетті қолдау көрсету және оларды одан әрі сүйемелдеу шаралары қарастырылды.

Аудан әкімінің орынбасары Асқар Садықов балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу және әрбір жағдай бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Іле ауданы

↑