☀️
17°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Айбын» әскери-патриоттық сыныбы ашылды

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    «Айбын» әскери-патриоттық сыныбы ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастар туралы: «Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтып жүремін. Өйткені, өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды» деген болатын.

    Мағжан ақын сенген жастардың қатары уақыт санап жас патриоттар – болашақ шекарашылармен толыға түскенін бүгін біз мақтанышпен айта аламыз. Бұған мысалды алыстан іздеп жатудың қажеті бола қояр ма екен. Мәселен, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті қала мен өңірлердегі мектептерде «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубтары мен сыныптарының ашылуына ұйытқы болып келеді. Жақында солардың қатары «Айбын» сыныбымен толығып, кадеттер шараға арнайы қатысқан департамент бастығының орынбасары полковник Е. Тулькубаевтың қолынан куәлік алды.

    …Өз ұлтын шексіз сүйген, ғылым мен білімнің жанашыры Ораз Жандосов атындағы мектеп бізді күмбірлеген күймен қарсы алған. Осы сәт атаулы білім шаңырағының өнерпаздары «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» дегенді білдіріп тұр еді…

    Шара болатын кең залға келіп кірген біз сап түзеген кадеттерді көрдік. Рәсім басталар алдындағы әдеттегі қас-қағым, қарбалас сәтті үнсіз бақылаған болашақ шекарашылардың жүздерінен толқу байқалады. Енді қалай деп едіңіз, бүгінгі шара – алдағы уақытта оларға зор мүмкіндіктерді бергелі тұрған болса!.. Бәрінен де сап түзеген кадеттердің арасынан енді сандаған жылдардан соң Шекара қызметінің директоры, сардарлар шықпасына кім кепіл? Әскери формалары бойларына құйып қойғандай жараса кеткен ұлдар мен қыздардың жанарларындағы жарқыл – осыны меңзеп тұрғандай еді…

    Белгіленген уақытта басталған шара берік қалыптасқан дәстүрге сай, еліміздің Әнұранымен ашылған. Әрі қарай, алғашқы сөз тізгінін алған мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Жанабилова бүгінгі шараның өскелең ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан ұжым үшін маңызы зор екеніне тоқталған. Ал департаменттің бас тәлімгері Ербол Назарбекұлы тәуелсіз Қазақстанның шекарасын кірпік қақпай күзетіп тұрған шекарашылар туралы айта келіп, «Сендер – болашақта біздің ізімізді басасыңдар. Бұл үшін жақсы оқып, әскери-патриоттық сыныптың кадеті деген атқа лайықты болыңдар. Сендерді алда шекарашылардың киелі білім ұстаханасы, қастерлі шекара күтіп тұр. Мен – өзінің бүкіл саналы ғұмырын ел шебінің сызатсыздығына арнап келе жатқан сардармын. Мен де өздеріңдей оқушы болдым. Мен де өздеріңдей шекара аймағында туып, бала кезімнен шекарашыларды көріп өстім. Шекарашыларға қарап бой түзедім. Біздің мектепте «Шекарашының жас досы» деген үйірме жұмыс істеді. Осы үйірменің арқасында біз шекарашылардың ел шебіндегі бір күнімен танысып, «Ерлік сабағына» қатыстық. Бүгін мен сендерге қарап, өзімнің мектебіме, сүйікті үйірмеме қайта оралғандай күй кешіп тұрмын… Бүгіннен бастап, сендер де шекарашылармен жиі кездесіп, олар ұйымдастырған патриоттық шараларға қатысатын боласыңдар. Айтарым, «кадет» деген атқа лайық болыңдар, қырандарым!» – деді.

    Осылайша, арасында жас өнерпаздар әсем әнмен әрлеген шарада өзге де сөйлеушілер аз болған жоқ. Сөйтіп, кезек Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобына да келіп жеткен. Лайықты бағасын беру керек, басқарманың ел шебіндегі ең күрделі деген жауынгерлік тапсырмаларын орындауға машықтанған сайыпқырандардың әбжіл қимылдары жиналған қауымды тәнті еткен.

    Сонымен кадеттер анты… Саңқылдаған дауыстар. Шекарашы сардардың қолынан кадет куәлігін алу… Осылардың барлығы мектеп тарихына жазылып жатыр еді.

    Шара соңында мектеп директоры А. Жанабилова мен Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Т. Табылдиев болашақта өзара ықпалдаса жұмыс істеуге жол ашатын меморандумға қол қойды. Бұл – су жаңа сыныптардың бұдан былай «Қаскелең» шекара бөлімшесінде жиі болып, «Ерлік сабағына», «Ашық есік күндеріне» қатысады деген сөз. Ал бұл жағынан аталған бөлімше бастығының орынбасары, аға лейтенант Дәулет Саметов те осал емес, өз ісінің білгірі, мықты тәлімгер. Демек, оқушылар әскери салаға бейімделіп, өмірге қажет дүниелерді меңгеретініне сенім мол.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

    ҰҚК Шекара қызметі

    Алматы облысы бойынша департаменті

    Соңғы жаңалықтар

    Президент Тоқаевқа деген халық сенімі 86,7 пайызды құрады – сауалнама қорытындысы
    16.05.2026
    Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
    16.05.2026
    Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
    16.05.2026
    Астанада жүргізушісіз жүретін LRT пойыздары іске қосылады
    16.05.2026
    «Айбын» әскери-патриоттық сыныбы ашылды
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>