☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алатау қаласында балалар спортына серпін беретін кешен ашылды

    04.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Спорт
    Алатау қаласында балалар спортына серпін беретін кешен ашылды
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Алматы облысында өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамытуда айтулы оқиға өтті. Алатау қаласында А. Асанов атындағы атыс клубының базасында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Кешен құрамына көрермендерге арналған трибуналары бар көпфункционалды спорт залы, бассейн, семсерлесу залы, жаттығу залы және жабық пневматикалық тир кіреді. Спорт нысаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Оның жалпы ауданы – 4,8 мың шаршы метр. Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге.

    Жаңа спорт орталығы ең алдымен балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған. Мұнда баскетбол, стритбол, гандбол, үстел теннисі, стендтік және оқ ату, жүзу, велоспорт, семсерлесу және садақ ату секциялары жұмыс істейді. Кешеннің өткізу қабілеті аптасына кемінде 800 баланы қамтуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе, ауыл жастары үшін сапалы спорттық дайындыққа қолжетімділікті айтарлықтай арттырады.

    «Осындай заманауи спорт нысандарын салу – ұлт денсаулығына және қазақстандық спорттың болашақ жетістіктеріне инвестиция салумен тең. Мұнда бұқаралық спорт резервін де, ел намысын халықаралық аренада қорғайтын жоғары деңгейдегі спортшыларды да даярлаудың берік негізі қаланады» – деді ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

    Алматы облысының әкімі Марат Султангазиев бұл жобаның тек инфрақұрылымдық нысан ғана емес, дені сау, қайратты әрі мақсатшыл ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастама екенін атап өтті.

    Жобаны іске асыру нәтижесінде 73 жаңа жұмыс орны құрылып, А. Асанов атындағы атыс клубының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайтылды. Алдағы уақытта кешен өңірлік және республикалық жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге және заманауи спорттық дайындық әдістерін енгізуге арналған маңызды алаңға айналады.

    Соңғы жаңалықтар

    Өңір туризмі қарқынды дамуда
    15.05.2026
    Азаматтардың өтініштерін қарау барысында тұтынушының құқығы қорғалды
    15.05.2026
    «Сапалы өнім» бағыты бойынша атқарылған жұмыстар
    15.05.2026
    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>