⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтеді

    12.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Алматы облысында « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтеді
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Аспанмен астасқан айбынды Хан Тәңірі, жырға айналған Қарасаз, батырлық пен руханияттың алтын бесігі — Райымбек ауданы биыл өзінің 90 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтуде. Аталған өлкеде « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтуі жоспарланған. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

    Мерейтойлық жыл басталғалы бері аудан көлемінде тағылымы мол, мазмұны терең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, «Спорт – саулық кепілі», «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты жыр мүшәйрасы өткен. Аудан мерейтойы тек той-думанмен шектелмей, нақты игі бастамалармен жалғасуда. Көктемнің алғашқы күндерінен бастау алған «90 жылдыққа – 9000 ағаш» экологиялық акциясы соның айқын дәлелі.

    Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбеталиев шілде айындағы мерекелік шаралар ерекше мазмұнға ие болатнын тілге тиек етті.

    « Ауданның 90 жылдығына орай ауқымды шаралар легін өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, шілде айында « Хан Тәңірі қазынасы» атты фестиваль өтеді. Басты мақсат-өңірге туристерді тарту, аймақ айшығын паш ету»,-деді өз сөзінде Әнуар Үмбеталиев.

    Нақтылап айтсақ, 9 шілде күні аудандық кітапхана мен «Хантәңірі» газетінің 90 жылдығына арналған «Руханият салтанат құрған 90 жыл» атты салтанатты кеш ұйымдастырылады. Тоғыз онжылдық бойы аудан тарихын хаттап, елдің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан сала мамандарының еңбегі ұлықталады. Сондай-ақ, «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты жас ақындар айтысы аймақты дүбірге бөлемек.

    Мерейтойлық шаралардың шарықтау шегі 10-11 шілде күндері Нарынқол мен Шәлкөде жайлауында өтетін «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі болмақ.

    «10 шілде күні ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылып, кешкісін еліміздің өнер жұлдыздары қатысатын гала-концерт өтеді. Ал 11 шілде күні Шәлкөде жайлауында ұлттық рухты дәріптейтін бәйге, аударыспақ, түйе палуан сынды ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады. Бұл — ата дәстүр мен ұлттық мәдениетті ұлықтайтын ұлы мереке»,-дейді Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев.

    Райымбек ауданының 90 жылдығы — өткенге тағзым, бүгінге баға және болашаққа нық қадам. Хан Тәңірінің етегіндегі қасиетті өлке өзінің бай тарихын, терең руханиятын және жасампаз болмысын тағы бір мәрте айшықтап отыр. Берекесі мен бірлігі жарасқан аудан халқы үшін бұл мерейтой елдіктің еңсесін тіктеп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін ерекше кезең болмақ.

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>