⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды

    21.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысы әкімдігінде алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев төрағалық еткен басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ өңірдегі аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Арнайы кеңес барысында мереке күндері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, мешіттер мен көпшілік жиналатын орындарда бақылауды күшейту, көлік қозғалысын реттеу, санитарлық тазалық талаптарын сақтау және құрбандық шалу рәсімдерін ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Құрбан айт – адамзатты мейірім мен жанашырлыққа үндейтін, татулық пен ізгілікті дәріптейтін ұлық мереке екенін атап өтті. Сондықтан ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде әрі заң талаптарына сай жүргізілуі қажет екенін баса айтты.

    – Тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтауды мұқият қадағалау керек. Әсіресе құрбандыққа шалынатын малдың ветеринариялық талаптарға толық сай болуы, заңсыз мал саудасына жол бермеу, санитарлық тазалықтың қатаң сақталуы маңызды, – деді Ғани Майлыбаев. Сонымен қатар ол мал қалдықтарын арнайы белгіленбеген орынға тастауға жол бермеу, тазалықты сақтау бағытында жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.

    Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері де мерекені ұйымдастыру жұмыстары жөнінде баяндап, құрбандық шалу рәсімінің шариғат талаптарына сай әрі жүйелі өтуі үшін дайындық жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында құрбандық шалуға арналған 29 арнайы стационарлық орын белгіленген. Ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп жүргізіледі.

    Қасиетті Құрбан айт – тек діни мереке ғана емес, қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершіліктің, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын көрінісі. Сондықтан мерекені жоғары деңгейде, талапқа сай өткізу – баршаға ортақ міндет.

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында «Samruk Alaman» облыстық волейбол турнирі өтті
    21.05.2026
    Қазақстанда жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін ірі зауыт салуға дайындық басталды
    21.05.2026
    «Кең Дала – 2»: Алматы облысында 10 агроөнеркәсіптік жобаға 3 млрд теңге бөлінді
    21.05.2026
    Алматы облысында Құрбан айтқа дайындық барысы пысықталды
    21.05.2026
    Алматы облысында тұрғындар көтерген мәселе шешімін тапты
    21.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>