☀️
16°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ән қанатында

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ән қанатында
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген аудандық Мәдениет үйінде жергілікті өнерпаз Мақсат Бөтеевтің «Мақсатым – мәнді, өнерім – мәңгі» атты шығармашылық кеші өтті.

    Мақсат Мәжитұлы 1976 жылы Кеген өңірін өнерімен тәнті еткен Бөтеевтер отбасында дүниеге келген. Жастайынан түрлі музыкалық аспапты меңгеріп, әншілік қабілетімен танылды. Кеген қазақ мектебін ойдағыдай тәмамдап, Қаскелең қаласындағы мәдени-ағарту колледжінде білім алды. Еңбек жолын музыка пәні мұғалімінен бастаған. Одан кейін Ақтасты ауылдық клубының меңгерушісі болды. Қазір аудандық Мәдениет үйінде көркемдік жетекші әрі «Ереуіл» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблінің жетекшісі ретінде табысты еңбек етуде. Ол басқаратын ұжым облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. 2019 жылы Талдықорғанда өткен «Ғасырлар үні» фестивалінде І орынды жеңіп алды. Өнер иесі «Үздік мәдениет қызметкері» атанып, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
    Кеш барысында өнерпаздың шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, репертуарындағы таңдаулы әндер жанды дауыста орындалды. Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков: «Бүгін өнер саласында өзіндік орны бар әулеттің қуанышында бас қосып отырмыз. Мақсат Мәжитұлының 50 жасқа толған мерейтойы құтты болсын!» – дей келе өнерпазды «Кеген ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нағима Таласбаева, аудандық мәслихат депутаты Біләл Мәсімбаев, аудандық аналар кеңесінің төрағасы Бақытгүл Көнеева, кәсіпкер Сабыржан Құсайынов, аудандық Мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Нұрбайұлы, «Балбөбек» балабақ­шасының меңгерушісі Ғалия Дарубаева құттықтау сөз сөйлеп, әншіге сый-сияпат көрсетті.
    Кеште Кеген халық театры әртіс­тері әннен шашу шашты. Ақындар Алмат Исәділ мен Шеризат Мекебаев арнау өлеңдерін оқыды
    Осылайша, аудан тұрғындары мазмұны бай, тағылымы мол кештен ерекше әсер алды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ел құрметтеген ел ағасы
    16.05.2026
    Тұлғаларға тағзым
    16.05.2026
    ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
    16.05.2026
    Өркениет бастауы
    16.05.2026
    Ән қанатында
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>