⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРДЫ

    09.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРДЫ
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Балқаш ауданында жаңадан бой көтерген 90 баспананың 54-інің кілті табысталды. Жаңа баспаналар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында тұрғын үй мәселесін шешу және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында салынған. Құтты қоныстар бақ дарыған Балқаш ауданындағы әлеуметтік осал топтар мен көпбалалы отбасыларға бұйырды.

    Баспана кілтін салтанатты табыстау рәсімінде Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-ұйым басшылары тұрғындар қуанышына ортақтасты.

    Салтанатты шараның шымылдығын түрген Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы алдымен баспана иелерін құттықтады.

    – Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да биыл 81 жыл. Ұлы Жеңіс күні – тарих төрінен орын алатын, ұмытылмас ұлы күн! Бүгін осындай қасиетті мереке күні аудан орталығында салынған жалгерлік тұрғын үйлердің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Олай болса, бүгінгі берілгелі отырған жаңа баспаналарыңыз құтты болсын демекпін!

    Елімізде тұрғын үй мәселесін жүзеге асыру Мемлекет басшысы бекіткен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты талабы болды.

    Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ауданымызда да қарқынды жүріп, жылма-жыл тұрғын үйлер бой көтеріп, әрбір тұрғынның баспаналы болу мүмкіндігіне қол жеткізілуде, – деді аудан басшысы.

    Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев көпшілік қауымға ақ батасын арнады.

    Одан кейін аудан өнерпаздары әсем ән шырқап, баспана иелерінің қуанышын еселей түсті.

    Көптен күткен қуанышты сәтте аудан басшысы Азат Құтпанбетов өңірдегі 54 отбасыға баспана кілтін табыстады. Баспаналы болған отбасылардың қатарында көпбалалы, мүгедек бала асыраушы, 1 және 2 топ мүгедегі, толық емес отбасылар, жалғызбасты аналар болды. Атап айтар болсақ, көпбалалы аналар Мәншүк Молдагеримова, Сәулет Ерлікбаева, жалғызбасты ана Айсұлу Сыдықова, толық емес отбасы тізімімен тұрғын үй кезегінде тұрған Маржан Жанбосынова, мүгедек бала асыраушы Бейбіткүл Балғынбаева, сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедегі Маратқали Тұрсынбаев және т.б. көптеген отбасылар баспана кілтін алып, қуанышқа кенелді.

    Осылайша балқаштық отбасыларға баспаналы болу бақыты бұйырып, мереке қарсаңында тұрғындар қоныс тойын дүбірлетіп тойлап жатыр.

    Алдағы уақытта қалған тұрғын үйлердің кілті де өз кезегінде баспана иелеріне табысталатын болады. Айта кетейік, жаңа берілген тұрғын үйлерді табыстау Отбасы банк арқылы жүзеге асырылды.

    Тұрғын үй құрылысына тоқтала кетсек, бұл баспаналар 2025 жылдың мамыр айында жеке кәсіпкер азаматтар арқылы салынып басталған болатын. Жалпы ауданымызда 90 тұрғын үй бой көтерді, оның 82-сі Бақанас ауылында, ал 8-і Ақдала ауылында орналасқан. Міне бүгінде сол құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлер мемлекет есебіне сатылып алынып, бүгінгі күні пайдалануға берілді. Әр тұрғын үйдің ауданы 3 бөлмелі – 80 шаршы метрді құрайды.

    Алтынай СЕЙТКЕН

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>