Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы Алматы облысына гастрольдік сапармен барады. Жобаға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдау көрсетуде.
Үш күнге жоспарланған мәдени шара барысында Алматы облысының бірнеше ауданында ашық аспан астында ауқымды концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады:
21 мамыр, сағат 18:00 – Нарынқол ауылы Орталық алаңы
22 мамыр, сағат 18:00 – Кеген ауылы Орталық алаңы
23 мамыр, сағат 18:00 – Шонжы ауылы Орталық алаңы
Концерттік бағдарлама өңір тұрғындарын қазақстандық эстрада өнерінің танымал өкілдерімен және заманауи музыкалық жобалармен таныстыруға бағытталған.
Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Бибігүл Қилымхан, Қазақстанның мәдениет қайраткері Перизат Омарбекова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Рымбаев, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, Райым Уайыс және танымал Melomen, Azia топтары өнер көрсетеді.
«Халық әуені» жобасы – ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттап, өңір тұрғындарын отандық өнердің үздік үлгілерімен қауыштыруға арналған маңызды мәдени бастама. Жоба аясында кәсіби өнер ұжымдары мен танымал орындаушылар ел аймақтарын аралап, көрерменге жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламалар ұсынады.
Ұлттық өнерді ұлықтайтын ерекше музыкалық кешті бірге тамашалаңыздар!
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс:
PR-менеджер Жасұланқызы Аружан – 8 747 821 79 01
PR-менеджер Жақсылық Дана – 8 778 109 45 96
e-mail: [infoqazaqconcert@gmail.com](mailto:infoqazaqconcert@gmail.com)
Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының баспасөз қызметі




