☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта Жастар театры ашылды

    15.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қонаевта Жастар театры ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаевта мәдени өмір тағы бір жарқын оқиғамен толықты. Мәдениет үйінде қалалық жастар театрының тұсауы кесілді. Жаңа өнер ұжымы тұңғыш рет көрерменге қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған автобиографиялық спектакльді тарту етті.

    Қойылым барысында Мәдениет үйіндегі фойеде фольклорлық ансамбль күмбірлете күй тартып, кештің ажарын аша түсті. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры ‒ туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, мұң, сағыныш, дәуір тынысы, қатарластарының арман-аңсары. Сондықтан да автобиографиялық спектакльге ақиық ақын мен оның досы Әбдіке Асанов арасындағы бала күннен тамыр тартқан татулық арқау етілген. Сахнада ақынның жанайқайы, махаббат пен мұңға толы әлемі, өмір мен уақыт жайлы терең толғанысы поэзия тілімен өрнектелді. Сөз, үнсіздік, қимыл мен эмоция үйлескен қойылым көрерменді Мұқағалидың рухани кеңістігіне жетелей түсті. Әсіресе, ақынның аяулы қызы Майгүлден айырылған тұстағы жан азабы, қыршын кеткен гүліне деген сағынышы жүректерді сыздатты. Аталған автобиографиялық спектакльде көрерменге ой салуға, шын дарынды бағалауға, өнердің киесін түсіндіруге басымдық берілгені байқалады. Бірақ бір нәрсе айдан анық, ол – Мұқағали поэзиясы. Таратып айтсақ, жаныңа жақын, жасандылықтан аулақ сөз маржаны. Есі дұрыс пенде баласына түгел түсінікті философиялық түйіндер мен тұңғиық тұжырымдар, жер мен көкті тұтастырғандай шалқар шабыт дариясы. Ақын қашанда жалғыз, өлеңімен оңаша қалуды жаны сүйеді. Алайда, алабұртқан көңілі көкжал толқынша жарқабақты қабардай шарқ ұрып дос іздейді, сырлас, мұңдас тапқысы келеді. Автобиографиялық спектакльде жанартаудай сезім иесінің жан жұмбағы жасырылған тұстар да аз емес екені аңғарылады.

     

    1 of 7
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    7.

    «Спектакльден гөрі, мұны поэтикалық қойылым деп атаған дұрыс. Бұл жерде мен өзімді Мұқағалидың нақты образында жүрмін деп айта алмаймын, өйткені тақырыптың өзі – сырласу, негізгі мақсатым – Мұқағалидың жандүниесін жеткізу. Мұқағали поэзиясының тереңдігі шексіз. Не іздесең де Мұқағалидан табуға болады. Бұл қойылым – соның бір ғана қыры. Біз моноқойылымды 45 минутқа сыйдырдық, сондықтан Мұқағалидың бар болмысын толық аштық деп айта алмаймыз. Дегенмен, небәрі 45 жыл ғұмыр кешкен Мұқағали өмірден өткеннен кейін де киноға арқау болып, спектакльдер мен әдеби кештерде насихатталып келеді. Оның мұрасы ешқашан таусылмайды, қайта уақыт өткен сайын тереңдей береді. Ал Қонаев қалалық жастар театрының тұсаукесер қойылымында маңызды рөлді ойнағаныма тебіреніп тұрмын» – дейді ақын бейнесін сомдаған актер Қуаныш Құдайберген.

    Салтанатты кеш соңында жастар театры ұжымына Қонаев қаласы әкімінің ықылас гүлі тарту етілді. Ал қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Абылайхан Мұстафа жастар театрының жаңа қойылымдармен толығып жатқанын, алда облыс орталығының тұрғындарына жаңа спектакльдер тарту ететінін жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, Мұқағали Мақатаевты еске алып, оның өшпес көркем мұрасын жастарға насихаттауды мақсат тұтқан театр ұжымы көрермен қауымға әдемі кеш сыйлады.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды
    15.05.2026
    Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
    15.05.2026
    Қонаевта Жастар театры ашылды
    15.05.2026
    Өңір туризмі қарқынды дамуда
    15.05.2026
    Азаматтардың өтініштерін қарау барысында тұтынушының құқығы қорғалды
    15.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>