Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар өндірістік және инвестициялық нысандардың жұмысымен танысты.
Іссапар барысында Тескенсу ауылдық округінде орналасқан «Qazaq Global Food JV» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу зауытына барды. Кәсіпорын басшылығы өндіріс барысымен таныстырып, жобаның даму жоспарымен бөлісті.
Балтабай ауылдық округінде аялдаған облыс әкімінің бірінші орынбасары SUCHUN ENVIRONMENTAL PROTECTION» ЖШС-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты, «Kazakhstan Yongxin Biotechnology Co., Ltd» ЖШС-ның мал қалдықтарынан сүйек ұнтағын шығаратын өндіріс орны және «Central Asia United Industrial» ЖШС-ның үй жануарларының терісі мен ұшасын қайта өңдеу зауыттарының құрылыс барысын көрді. Кездесу барысында инвесторлар өз жобалары бойынша ақпарат беріп, бірқатар мәселелерді көтерді. Инвесторлар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берген Қанат Болатұлы әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қанат Есболатов Бөлек ауылындағы Мәдениет үйінде Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесуіне қатысты. Жиын барысында аудан әкімі атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.




