⚠️ API қатесі: cURL error 28: Resolving timed out after 5000 milliseconds
Жұма, Мамыр 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өңір туризмі қарқынды дамуда

    15.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Туризм және саяхат
    Өңір туризмі қарқынды дамуда
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Алматы облысы Қазақстанның жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтуда. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында аталмыш аймақтың туризм саласындағы бүгінгі жетістіктері сараланып, инвестициялық жобалары мен алдағы даму бағыттары кеңінен таныстырылды. Брифинг қонақтары облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы, «ASP Holding» компаниясының бас директоры Олег Воронков және ASP командасының пилоты Петр Бородин журналистерге  өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын тарқатты.

    Табиғаты көркем, тарихи-мәдени мұраға бай өңіріміз бүгінде ішкі ғана емес, халықаралық туризмнің де маңызды орталығына айналу жолында нық қадам жасауда. Брифинг барысында жарияланған мәліметтер бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесін көрсетті. Алғашқы сөз кезегін алған Қуанышбек Мирамбекұлы өткен жылы облыс ауқымды инфрақұрылымдық, инвестициялық және имидждік жобаларды іске асырып, облыста орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер саны 29,8 пайызға артып, 658 543 адамды құрағанын айтты. Оның басым бөлігі ішкі туристерден болғанымен, шетелдік қонақтардың саны да тұрақты өсім көрсеткен. eQonaq жүйесінің мәліметіне сәйкес, Алматы облысына 147 мыңнан астам шетелдік турист келген. Қуанышбек Мирамбекұлы осы көрсеткіш арқылы өңір республика бойынша Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші орынға көтерілгенін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде:

    – Өңірдегі туристік нысандарға қызығушылық жыл сайын артып келе жатыр. Әсіресе табиғи аймақтарға келушілер саны айтарлықтай өскен. Мәселен, «Іле-Алатауы» ұлттық табиғи паркіне бір жыл ішінде 945 мыңнан астам адам барған. Ал «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 600 мыңнан аса турист келсе, «Шарын» ұлттық паркінің келушілері 250 мыңға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер өңіріміздің экологиялық және табиғи туризм бағытында зор әлеуетке ие екенін аңғартады, – деп айтып өтті.

    Спикерлер бүгінде өңірде экологиялық, тау, этно және оқиғалық туризм бағыттары қатар дамып келе жатқанын сөзіне қосып, әсіресе халықаралық деңгейдегі спорттық және мәдени іс-шаралар туристік тартымдылықты арттыруда маңызды рөл атқарып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ басқарма басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан Алматы тау кластерін дамыту жоспарына ерекше тоқталды. 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспардың жалпы құны 526 миллиард теңгені құрайды. Ауқымды бағдарлама аясында Қаскелең мен Түрген шатқалдарын дамыту, «Oi-Qaragai» төрт маусымдық курортын кеңейту, инженерлік және цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту көзделген.

    Сонымен қатар жол, электр желілері мен байланыс жүйелерін дамытуға да басымдық беріліп отыр. Туристік аймақтарды абаттандыру, сервисті жетілдіру және қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру – негізгі міндеттердің бірі.

    Өткен жылы өңірде бірқатар нақты жобалар жүзеге асқан. Атап айтқанда, «Oi-Qaragai» курортына сыртқы газ құбыры тартылып, Қонаев қаласындағы №5 жағажай жаңартылған. Туристік жолдар жөнделіп, жаңа инфрақұрылым нысандары бой көтерген. Сонымен бірге ұзындығы шамамен 1500 шақырымды құрайтын «Алатау аманаты» туристік маршрутын дамыту жұмыстары басталған. Туризм саласына тартылып жатқан инвестиция көлемі де артып келеді. Қазіргі таңда аймақта жалпы құны 638,2 миллиард теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында халықаралық деңгейдегі Hilton және Marriott қонақүй кешендері, ASP Arena жобасы, жаңа туристік және спорттық нысандар құрылысы бар.

    Брифинг барысында келесі сөз кезегін алған  «ASP Holding» компаниясының бас директоры Олег Воронков өңірде халықаралық деңгейдегі автоспорт жобаларын дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жобалар туризмді ғана емес, жастар мәдениетін, спорт индустриясын және шағын бизнесті қатар дамытуға мүмкіндік береді. Солардың бірі – биыл өткен CADS 2026 халықаралық дрифт-шоуы. Үш күнге созылған ауқымды шараға әлемнің оннан астам елінен 40-тан аса кәсіби пилот қатысқан. Халықаралық автоспорт додасы көрермендердің зор қызығушылығын тудырып, шамамен 10 мың адамды жинаған. ASP командасының пилоты Петр Бородин да мұндай жарыстардың Қазақстандағы автоспорт мәдениетінің дамуына серпін беретінін айтты. Ол өз сөзінде:

    – CADS 2026 аясында кәсіби дрифт жарыстары, жұптық сайыстар, халықаралық пилоттардың шоу бағдарламалары және арнайы ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылды. Мұндай ірі жобалар өңірдің оқиғалық туризм картасындағы орнын күшейтетіні анық, – деп атап өтті.

    Жалпы соңғы жылдары өңірімізде Tengri Ultra, Oceanman Kazakhstan, Irbis Race, Apricot Fest, Family Rock Festival, «Небо Байсерке» авиа-шоуы және Arba Wine гастрономиялық фестивалі секілді ірі халықаралық шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Бұл жобалар өңірдің туристік маусымын ұзартуға және шетелдік қонақтар ағынын көбейтуге ықпал етуде.

    Брифинг барысында халықаралық ынтымақтастық мәселесі де қозғалды. Алматы облысы бүгінде ITB China, ITB Asia, KITF секілді халықаралық туристік көрмелерге қатысып, шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып келеді. Сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан және өзге елдердің туристік ұйымдарымен меморандумдар жасалған.  Өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы іске асқан digital-кампания Instagram, TikTok және халықаралық платформалар арқылы жүргізіліп, жалпы қамту көлемі 60 миллионнан астам көрсетілімге жеткен.

    Нәтижесінде Алматы облысының бірқатар көрікті орындары әлемге танымал Travel + Leisure басылымында жарияланған. Басылым беттерінде Көлсай көлдері, Қайыңды көлі мен Қонаев қаласының туристік нысандары кеңінен таныстырылған.

    Брифинг қонақтары туризм саласындағы алдағы жоспарлар да ауқымды екенін айтты.  2026 жылы облыста «Небо Байсерке» авиациялық жобасы, Aura Fest мәдени фестивалі мен халықаралық автоспорт жобаларын тұрақты түрде ұйымдастыру көзделіп отыр. Туризм инфрақұрылымының жаңаруы, халықаралық жобалардың көбеюі және инвестициялық белсенділіктің артуы өңірдің экономикалық дамуына да тың серпін бермек.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 101 құтқарушы оқытылды
    15.05.2026
    Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
    15.05.2026
    Қонаевта Жастар театры ашылды
    15.05.2026
    Өңір туризмі қарқынды дамуда
    15.05.2026
    Азаматтардың өтініштерін қарау барысында тұтынушының құқығы қорғалды
    15.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>