Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, мемлекеттің экономикалық және саяси негіздеріне қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік дерт. Сыбайлас жемқорлық деп лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіктерін жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін заңсыз пайдалануын айтамыз. Бұл процесс мүліктік игіліктер алуды, пара беруді немесе қызметтік мүмкіндіктерді теріс мақсатта қолдануды қамтиды. Мұндай әрекеттер мемлекеттік органдардың имиджіне нұқсан келтіріп, азаматтардың билікке деген сенімін төмендетеді.
Аталған әлеуметтік дертпен күресудің негізгі бағыттары бар. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындалған. Бұл бағытта бірнеше маңызды шара жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, заңнамалық база. Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң және тиісті стратегиялық тұжырымдамалар негізінде қылмыстың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Екіншісі, ашықтықты арттыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерде транспаранттылықты (ашықтықты) күшейту арқылы жемқорлыққа жол беретін жағдайлар азайтылады. Одан кейін маңыздысы – мәдениет қалыптастыру. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» таныту және адалдық, парасаттылық құндылықтарын насихаттау өте маңызды. Қорыта айтқанда, жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, бұл – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Әр саланың маманы өз жұмысында адалдық пен әділдікті сақтай отырып, қоғамның жарқын болашағына үлес қоса алады.
Серік ҚҰНЫПИЯЕВ
Бөлексаз ауылдық округінің әкімі
Кеген ауданы




