⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Пәтер кілті табысталды

    08.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Пәтер кілті табысталды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Талайдан бері тұрғын үй кезегін күтіп жүрген қарасайлықтар қуанышқа кенелді. Оларға аудан әкімдігінде құрмет көрсетіліп, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне баспана кілті табысталды.

    Қарасай ауданының әкімдігінде өткен қуанышты шарада өңір басшысы Жасұлан Естенов жаңа қоныс иелеріне ақ тілегін арнады.
    – Мемлекет тарапынан халыққа әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқаны белгілі. Соның бір дәлелі – бүгін өз деріңізге баспана кілттерінің табысталып жатқаны. Былтыр дәл осылай 200-ден астам пәтер иелері қуанышқа кенелген болатын. Алдағы уақытта тағы біраз отбасына баспана кілтін беру жоспарлануда. Оның бәрі, әрине, тұрғын үй кезегі бойынша жүзеге асатын болады. Бүгінгі қуаныш иелерін шын жүректен құттықтаймын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын, – деді аудан басшысы.
    Осындай ізгі ниеттен соң, халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 28 отбасына пәтер кілттерін табыс етті. Ал баспаналы болған қарасайлықтар қуаныштарымен бөлісіп, мемлекеттің көмегіне және аудан әкімдігінің көрсетіп жатқан қолдауына алғыстарын жеткізді.
    Айта кетер болсақ, баспана кілттері Қаскелең қаласы мен Елтай ауылдық округтерінде салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен және Шамалған ауылындағы жекеменшік үйден берілді. Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, дәл осындай халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қарасайлықтар үшін жақын арада тағы 100-ден астам пәтер кілтін беру жоспарлануда.

    Дидар МӘЛІКҰЛЫ
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>