⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Саладағы салмақты мәселер айтылды

    06.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Саладағы салмақты мәселер айтылды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Талғар ауданында облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа жұмысына облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, аудан  әкімдерінің орынбасарлары мен аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен педагогтер қатысты.

    Алқа отырысын облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов  жүргізді. Аталған алқа отырысында 2025–2026 оқу жылындағы үшінші тоқсанның қорытындысы мен білім сапасы, жазғы сауықтыру лагерьлерінің дайындығы мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу сынды өзекті мәселелер  қаралды.

    Білім сапасы – ең басты көрсеткіш. ҰБТ, олимпиада, байқау нәтижелері білім беру ұйымының жұмысын көрсетеді. Алайда кейбір мектептердегі нәтиже көңіл көншітпейді. Осы мәселені баяндаған облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлмира Құлсариева бірқатар аудандардың жұмысында салғырттық бар екенін айтты. Өз кезегінде департамент басшысы білім беру ұйымдарын кәсіби біліктілікті жетілдірумен қатар, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

    Келесі кезекте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова өңірдегі білім саласының қазіргі жай-күйі әлеуметтік инфрақұрылым және ең өзекті мәселелер жайында баяндады. Ақмарал Бақытқызы қазір аймақтағы білім беру сапасының деңгейі 64,8 пайызды құрап, жүргізілген зерделеу қорытындысы пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігінің төмен екенін көрсетіп отырғанын жеткізді. Ол білім сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру, педагогтердің кәсіби әлеуетін күшейт және цифрлық трансформацияны жүйелі жалғастыру бағытында нақты міндеттер жүктелгенін айтты.

    Алқа отырысында балалар қауіпсіздігі мәселесі ерекше талқыланды. Облыстық ПД өкілі Лаура Құдайбергенова білім беру ұйымдарындағы құқықбұзушылықтар мен буллинг фактілері туралы баяндады. Полиция подполковнигінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзатын, құқықбұзушылыққа немесе қылмысқа баратын, сондай-ақ ішкі істер бөлімінде есепте тұрған жасөспірімдердің саны артқан. Сондықтан бұл келеңсіздікке мектеп пен ата-ана баса назар аудар қажет. Сондай-ақ, отырыста тынығу лагерьлері мен орталықтардың дайындығы, облыстық төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен балаларды қабылдауға рұқсат анықтамасын алуды ұйымдастыруға  нақты істер сараланды.

    Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев алдағы кезеңге нақты міндеттер жүктеп, білім саласын сапалы жаңа деңгейге көтеру – ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

    «Білім беру жүйесін трансформациялаудағы жасанды интеллекттің маңызы, заманауи мұғалімнің басты қырлары ретінде цифрлық сауаттылық, үздіксіз кәсіби даму, тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру тетіктері де назардан тыс қалмдырмау шарт. Бұл ретте білім беру ұйымдары жұмыстарының ұйымдастырылуын жүйелі үйлестіру маңызды» – деді алқа отырысын түйіндеген Ғани Айдарұлы.

    Ерзат АСЫЛ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жасанды интеллект – білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық мемлекеттік басымдығы
    12.05.2026
    Стратегиялық серпіліс: Жасанды интеллект – сапалы білімге тең қолжетімділіктің жаңа мүмкіндігі
    12.05.2026
    В Мангистау нашли следы древнего города, связанного с Римом и Китаем
    12.05.2026
    Қорғаныс министрлігі Халықаралық дзюдо федерациясымен меморандумға қол қойды
    12.05.2026
    «Экософия» кітабының таныстырылымы өтті
    12.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>