⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Ұлы Жеңіс – халқымыздың тарихындағы ең қастерлі күндердің бірі. Бұл – келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, ел қорғаған батыр бабаларға тағзым ететін күн. 

    Осыған орай мереке қарсаңында Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов өңірдегі тыл еңбеккерлерінің үйіне арнайы барып, ардагерлерге құрмет көрсетті. Аудан басшысымен Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы Кәдірбек Омаров және Балқаш аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Хамзин сапарлас болды.

    Бақ дарыған Балқаш өңірінде 43 тыл ардагері болса, аудан әкімі Азат Үкітайұлы 7 ардагерді арнайы құттықтады.

    Атап айтсақ, ол Бақбақты ауылындағы тыл ардагері Әсия Нөкерқызы, Ақкөл ауылындағы Қабдығали Абжанов пен Ұлтай Дүйсекованы, Ақдала ауылдық округінің тұрғыны Әттай Ыбаеваны, Бояулы ауылындағы Мырзакүл Сабекованы, сонымен қоса аудан орталығында тұратын тыл еңбеккерлері Рәкүл Елеусізова мен Балқаш ауданының Құрметті азаматы Айтжан Есімовтың шаңырағына барып, оларды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

    Сондай-ақ Балқаш ауданының әкімі Азат Үкітайұлы тыл ардагерлеріне құрмет көрсету барысында өз сөзінде олардың ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдарындағы төзімділігі мен табандылығының кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екенін және ерен ерліктің тек майдан даласында ғана емес, тылдағы адал еңбекте де көрініс тапқанын баса айтты.

    Ұлы Отан соғысының ардагерлері – батырлық пен отансүйгіштіктің мәңгілік символы болса, ал тыл еңбеккерлері күн-түн демей жұмыс істеп, Жеңіс күнін жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс даласында еңбек етіп, зауыттарда қара жұмыс істеп, майданды азық-түлікпен, киім кешекпен және басқа да қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырды. Ерлік ешқашан ұмытылмайды.

    Алтынай СЕЙТКЕН

    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>