⛅
21°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан

    01.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ынтымағы жарасқан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, бүгін Қарасай аудандық Мәдениет үйінің алаңында «Бір шаңырақ астында» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Ұлт пен ұлысты ұйыстырған бұл басқосуға аудан әкімі Жасұлан Естенов қатысып, көпшілікпен бірге мерекені атап өтті.

    Аталған шарада ерекше назарға алынған бастама – «Yerkinay» кондитері ұйымдастырған қайырымдылық шарасы болғаны анық. Тәтті өнімдермен айналысатын ұжым дәл осы мерекеге орай 5 метрлік торт дайындап, оның әр тілімін халыққа қолжетімді, тиімді бағамен сатуға шығарды. Ал одан түскен қаражат «Сәуле Сапар» оңалту орталығындағы бүлдіршіндер үшін құрал-жабдықтар алуға жұмсалады.

    Қайырымдылық шарасын аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлынан бастап алаңға жиналған жұртшылықтың көбі қолдап, игі іске бірлесе атсалысты. Сонымен қатар аудан басшысы бұл шарада этномәдени орталықтардың көрмелерін аралап, әрбір ұлттың салт-дәстүрімен, жетістіктерімен, ел бірлігі жолындағы атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Мерекелік бағдарламаның негізгі бөлімінде алдымен аудан әкімі Жасұлан Естенов сөз сөйлеп, айтулы күннің маңыздылығына тоқталып, барша Қарасай жұртына ақ тілегін арнады. Одан кейін өз атынан бірнеше этномәдени орталықтың өкілдері мен кәсіпкерлерге Алғыс хаттар табыстады. Шара барысында халыққа концерттік бағдарлама ұсынылып, әуезді әндер мен сахналық көріністер көрсетілді.

    Айта кетейік, бұл мереке аясында аудан халқына қайырымдылық шарасынан бөлек, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, отандық өнімдердің көрмесі, сауда-саттық ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрінен жарыстар өткізілді. Ал шара соңында «Yerkinay» кондитерінің басшысы Еркінай Сапарбава торттан түскен қаражатты және одан бөлек балалардың болашағы үшін деп қосымша 1 млн теңгені «Сәуле Сапар» оңалту орталығының директоры Сәуле Рахымжановаға табыс етті.  Осылайша Қазақстан халқының бірлігі күнінде қарасайлықтар береке-бірлікте екендерін танытып, жақыс істің қасынан табылды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ынтымағы жарасқан
    01.05.2026
    Талғардағы тамаша мереке
    01.05.2026
    Демалыс аймағында экологиялық акция өтті
    01.05.2026
    Бірлік пен спорт үндестігі: Іле ауданында 1 мамырда футбол маусымы ашылды
    01.05.2026
    Қарғалыдағы мереке
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>