⛅
28°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жамбыл ауданында туристік орын маңы тазаланды

    02.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат, Экология
    Жамбыл ауданында туристік орын маңы тазаланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданындағы Үңгіртас ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық акциясына ұйымшылдықпен қатысты. Осы ауылдың жанындағы жота туристер көп келетін орынға айналғалы біраз жылдың жүзі болған. Себебі ол жер «Жер кіндігі» аталып кеткен.

    Жүзге жуық тұрғын сол маңда тазалық жұмыстарына біркісідей жұмылды. Үңгіртас ауылдық округінің әкімі Дәурен Әбдуәлиевтің  ұйымдастыруымен олар киелі жер саналатын жотаға барып, белгіленген туристік бағыт бойымен жүріп отырып, аумағын қоқыстан тазартты. Мұнда жан-жақтан саяхатшылар жиі келеді. Алайда кейбір жауапсыз адамдар артына қоқыс тастап кетеді. Сенбілікке қатысқандар бірнеше сағат бойы сол қалдықтарды жинастырды. Жотадағы үңгір, жол бойы, «Жер кіндігі» деп жазылған орын маңы тазаланып, еріктілер 20 қаптан астам қоқысты арнайы күресінге жөнелтті.

    Акцияға жастармен бірге аудандық және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ақсақалдар, мектеп мұғалімдері, белсенді тұрғындар қатысты. Шараға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айткүл Медеуова ауылдарда атқарылып жатқан тазалық жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша,  бұл жұмыстар әр сенбі сайын барлық елдімекенде жалғасын тауып отыр. Басты мақсат – аудан аумағын таза ұстап, жасыл желекке айналдыру екенін айтты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қала көркі – тазалығында
    02.05.2026
    Қоршаған ортаға қамқорлық
    02.05.2026
    Жамбыл ауданында туристік орын маңы тазаланды
    02.05.2026
    Сенбілікте күш біріктірді
    02.05.2026
    Көлсай мен Қайыңдыда ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді
    02.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>