⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жамбыл жыры жалғасты

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Жамбыл жыры жалғасты
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еліміздің түкпір-түкпіріндегі Жамбыл атындағы мектептерде оқитын өнерлі шәкірттер батырлар мен ақындар мекенінде – Жамбыл ауданында бас қосты. Өйткені жыр алыбының 180 жылдығы республика көлемінде қазақ руханиятындағы тың белес, жарқын бағыт ретінде аталуда. Бұл жиын – соның жанды жалғасы. Аталған шараны Алматы облыстық мәдениет басқармасы мен ақын мұражайының директоры Салтанат Жамбылова басқарған ұжым ұйымдастырды. Келген қонақтар мен өнерлі жастар жыр дүлдүлі Жамбылдың, күй падишасы Нұрғисаның мәңгілікке мекен еткен зиратына гүл қойып, Құранға қол жайып, рухтарына тәу етті. Дара, дана ақынның мұражайын аралап, өмірі мен шығармашылығын жан-жақты тану құрметіне ие болды.

    Өнер сайысын Жамбыл мұра­жайының директоры, «Парасат» орденінің иегері, ақын­ның немересі Салтанат Тезекбайқызы ашып, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі. Айтысты Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Айтуған Жетебаев жүргізді. «Жамбыл әлемі» атты өлең байқауына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған ақын атындағы мектеп-интернаттың, Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының, Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылындағы мектептің, Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы орта мектептің, Талғар ауданындағы №6 мектептің жүректеріне жыр тұнған шәкірттері қатысты. Бұл байқаудан ұққанымыз – оқушылардың ақын өлеңдерін жатқа білетіндері, айтыстары мен дастандарын зерделеп оқығаны, демек, ақын даналығын, даралығын ұлықтайтын жас өрендер қатары өсіп келе жатқаны. Өкінішке қарай, республика аумағындағы оннан астам білім ошағы ақын атын иеленсе, соның бәрі осы сайысқа дарынды шәкірттерін қатыстыра алмапты. Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін тапса деген тілек те ойға оралды.
    Байқауда талапкерлер мектебін, өзін таныстыру, көркем сөз шеберлігі, «Ақын болдым он үште», «Абыз жыршы, аңыз тұлға» тақырыбындағы берілген сұрақтарына жауап беру қажет болды. Байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жамбыл филологиялық зерттеулер ғылыми орталығының директоры, профессор Алмасбек Мәуленов, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын Жылбек Тоқтасын, Жамбыл атындағы орта мектеп директоры Шынар Келгенбаева, айтыскер ақын Жалғас Мақсұтов – барлығымыз бірге төрелік жасадық.
    Жыр сайысының шығармашылық ауқымы кең болды. Дүниеден озғанына сексен жылдан асса да, Жамбыл үні, дауысы әлемнің әр түкпірінен әлі күнге найзағайдай жарқылдайды. Өлеңдері, күйлері Алатаудың асқар биігінен асып, шарлағаны осыған дәлел. Бұл – баба рухы құдіретінің асқақ, әрі мәңгілік екенінің дәлелі. Бір қызығарлығы, Жамбыл есімін иеленген білім шаңырақтарында өлең керуеніне ілесуге талаптанған шәкірттердің қарасы едәуір екенін көрдік.
    Алғашқы таныстыруда өнерге деген бетбұрысты байқадық. Ал «Ақын болдым он үште» деген кезеңде оқушылар өздерінің жүрегінен жарып шыққан өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Ақындық қабілетімен ойларын өлеңмен өрнектеді және әр оқушы ақынның 20-50 шақты өлеңін жатқа айтса, қазылар алқасының қойған кез келген өлеңінің шумағын одан әрі жалғастыра білді. Өнер бәсекесінде өзінің жан-жақты дайындығы, өлең-жырға деген ерекше талабымен бас бәйге Алматы қаласы Медеу ауданындағы Ж.Жабаев атындағы №161 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрай Түкежанға берілді. Бірінші орын Шығыс Қазақстаннан Айсара Тоқтароваға, екінші орын Алматы қаласындағы №161 мектеп-лицейінің оқушысы Айару Қанатбек пен Шығыс Қазақстаннан Нұрболат Тұрарұлына, үшінші орын Жетісу облысынан Ернұр Болатқанға, Тараздан Төлеген Қаршығаға бұйырды. Оза шапқандарға ақшалай сыйлық тапсырылып, Алғыс хаттармен марапатталды. Жыр додасында бақ сынаған өнерлі ұландардың қадамы осылайша көрерменді қуантты.
    Жамбыл жырының жалғасы болған жас түлектердің өнерінен көрермен үміт күтетіндей жақсы көңіл-күйді бастан кешірді. Жамбыл ауылындағы Өнер мектебінің оқушылары Нұрғисаның «Ата толғауын», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқымын» орындап бір қуантса, Жамбыл мен Айкүмістің айтысын көрсеткен өрендер көпшілікті тағы да серпілтті. Оқушылар Нартай Манас пен Айару Бердіхан және басқа шәкірттер күй мен әннен шашу шашты. Ақын ауылында осы күні ән мен жыр қалықтап, күмбірлеген күй шалқып, әдемі кеш талантты шәкірттердің өнерімен өрілді.

    Күмісжан БАЙЖАН,
    Қазақстанның Құрметті журналисі
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>