Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапарының тұрғындар мен біз секілді кәсіпкерлер үшін маңызы зор болды. Мемлекет басшысы сапарында Алатау қаласының даму жоспарымен танысып, болашақ даму бағытына қатысты нақты міндеттер қоюы облыс жұртшылығы тарапынан оң бағаланады деп ойлаймын. – Алатау қаласының Алматыға іргелес орналасуы зор мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Әсіресе сауда-экономика және көлік-логистика саласындағы байланыстарды едәуір кеңейтуге болады. Мұны аймақтағы билік өкілдері де, кәсіпкерлер де жақсы түсінуге тиіс деп санаймын, – деген Президент жаңа шаһарда ең алдымен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау керегін, жаңа кәсіпорындар ашылса, мұнда жұрт та көбірек келіп, тұрақтай бастайтынын, бұл үрдіс Алматыға жұмыс бабымен күнделікті келіп-кететін халықтың санын азайтатынына жұртшылықтың назарын аударды. Облыстық мәслихат депутаты әрі мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударып, заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен қатар, тұрғындарға қолайлы орта құру жайлы бастамалары жарқын болашақа деген сенімді еселей түсті. Мұның ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығы кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тизетіні сөзсіз. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының айтуынша, аймақтағы депутаттар бюджетті бөлуге тікелей араласып, соның нәтижесінде жергілікті өкілді биліктің бақылау тетіктері күшейеді. Бұл қадам мәслихаттардың ықпалын арттыратыны анық. Биыл Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болғаннан бері атқарылған жұмысқа өз бағасын берген Президент облыстың өсіп-өркендеуі үшін барлық мүмкіндік бар екенін айта келе, Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағының маңызына тоқталды. Сондай-ақ жоспардың бәрі қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін қандай жұмыс атқарылуы тиіс екенін қаперге салды. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламысының мәні зор. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге жанашырлық таныту – әрбір азаматтың міндеті. Өз басым мал шаруашылығымен айналысатындықтан, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесін басты назарда ұстауға тырысамын. Президенттің инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықаралық талаптарға сай инфрақұрылым қалыптастыру жөніндегі бастамаларын толық қолдаймын. Осы орайда мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дөңгелетіп, табысқа жетумен жеке кәсіпкерлердің келешекте облыстың дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Оған мысал ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Алматы облысында Достық үйін салу жөнінде берген Президент тапсырмасының жергілікті ірі кәсіпкерлердің атсалысуымен аталған нысанның іргесі қалануын айтуға болады. Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығына да назар аударды. Президенттің сөзіне сүйенсек, құқықтық мемлекет құру – ел дамуының басты шарттарының бірі. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын қатаң сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлес қосуы тиіс. Мемлекет басшысы айтқан «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Заң үстемдік құрған жерде тұрақтылық, әділдік және даму болады. Сондықтан әрбір тұрғын заңды сақтауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.Президенттің облысқа сапары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамаларды айқындады десек, артық айтқандық болмас.
Сыдық ДӘУЛЕТОВ
«Дәулет-Бекет» шаруашылығының төрағасы
Іле ауданы
