Осы жазда Алматы облысы еліміздегі ірі мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтетін басты алаңдардың біріне айналады. Үш ай бойы өңірде халықаралық фестивальдер, спорттық турнирлер, этномәдени мерекелер, танымал өнерпаздардың концерттері және ауқымды open-air жобалар ұйымдастырылады. Іс-шаралардың басым бөлігі облыстың танымал туристік орындарында — Қапшағай су қоймасының жағалауында, таулы аймақтарда және өңірдің өзге де көрікті жерлерінде өтеді. Бұл қонақтарға жарқын шараларға қатысумен қатар саяхат жасап, өлкенің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.
МАУСЫМ
27 маусым – Қымызмұрындық-2026 және Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы
27 маусым күні Кеген ауданында Алматы облысындағы ең ірі этномәдени мерекелердің бірі – Қымызмұрындық-2026 өтеді. Іс-шара Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналады.
Бағдарламада «Бие байлау» дәстүрлі рәсімі, Қарқара жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі, шеберлік сағаттары, қымыздан дәм тату және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
Қонақтар ұлттық ат спорты түрлерінен «Қыз қуу», «Теңге ілу», аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге жарыстарын тамашалай алады. Мереке «МузАРТ», «Меломен», «Алашұлы» топтары мен әнші Диана Исмаилдың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.
📍 Қарқара жайлауы, Кеген ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
🎟 Кіру: тегін
27 маусым – SATISFACTION Festival
27 маусым күні Алматы облысындағы «Тортуга» демалыс аймағында Орталық Азиядағы ең ірі open-air музыкалық фестивальдердің бірі — SATISFACTION Festival өтеді.
Бір сахнада Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Sam Martin, Burak Yeter, Dannic, Aura Dione және Akcent сияқты әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарламамен қатар қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, жағажай демалысы, chill-out алаңдары және ашық аспан астындағы ауқымды шоу күтеді.
📍 «Тортуга», Первомай тоғандары, Іле ауданы
🕐 Басталуы: 13:00
🎟 Билет бағасы: 25 000 теңгеден бастап
27 маусым – OCTAGON 88
27 маусым күні Қонаев қаласында OCTAGON 88 халықаралық аралас жекпе-жек турнирі өтеді.
Турнир аясында Қазақстан мен шетелдің үздік спортшылары октагонға шығып, көрермендер тартысты жекпе-жектер мен әсерлі шоу-бағдарламаны тамашалайды. Кештің арнайы қонағы — танымал орындаушы Andro.
📍 ASP Arena, Қонаев қаласы
🕗 Басталуы: 20:00
🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап
ШІЛДЕ
4 шілде – Oceanman Kazakhstan 20264 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында Oceanman Kazakhstan 2026 халықаралық ашық суда жүзу турнирі өтеді.
Дәстүрлі түрде жарысқа түрлі елдерден кәсіби спортшылар мен жүзу әуесқойлары қатысып, жағалауды үлкен спорт мерекесінің алаңына айналдырады.
📍 Қапшағай су қоймасының жағалауы, Қонаев қаласы
🎟 Көрермендер үшін кіру тегін
🎟 Қатысушылар үшін тіркелу OCEANMAN және RockTheSport ресми сайттарында
4–5 шілде – OYU FEST
4–5 шілде күндері «Первомай тоғандары» аумағында OYU Fest 2026 мерейтойлық фестивалі өтеді.
Екі күн бойы қонақтарды танымал әртістердің жанды орындаулары, арт-кеңістіктер, фудкорттар, көше маркеттері, шеберлік сабақтары және интерактивті алаңдар күтеді.
4 шілдеде Berkut & Aisha, Sadraddin, Alpha, Kunzharyq, AYAU, M’Dee, Rusha, Yenlik, ARO және Almas өнер көрсетеді.
5 шілденің хедлайнері — Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. Сонымен қатар Dequine, Rin’Go тобы, Orynkhan, Ken Dala, Zere, Dudeontheguitar, Samrattama және abdr сахнаға шығады.
📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы
🎟 Билеттер: фестивальдің ресми ресурстарында және Ticketon платформасында
10 шілде – Райымбек ауданының 90 жылдығы10 шілде күні Нарынқол ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.Мерекенің басты оқиғасы Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев және BAYANSULU қатысатын үлкен концерт болады.
📍 Нарынқол ауылы, Орталық алаң
🕔 Басталуы: 17:00
🎟 Кіру: тегін 10–12 шілде – Nomad Spirit Fest 2026Көшпенділер мәдениеті, этникалық музыка және белсенді демалыс фестивалі.
Қонақтарды этноауыл, қолөнер жәрмеңкелері, гастрономиялық алаңдар және мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
📍 Көшпенділер қаласы, Қонаев қаласы
🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап
11 шілде – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі
11 шілде күні көркем Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған басты мерекелік іс-шара – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өтеді.
Бағдарламада бәйге, аударыспақ, түйе палуан сайыстары, суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.
Мерекелік концертте Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербек, Nurbullin және Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.
📍 Шалкөде жайлауы, Райымбек ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
🎟 Кіру: тегін
16–18 шілде – Central Asia Drift Show
16–18 шілде аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Central Asia Drift Show халықаралық сериясының үшінші кезеңі өтеді.
Жарысқа Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үздік пилоттары қатысып, жеке және жұптық сайыстарда автокөлікті басқару шеберліктерін көрсетеді.
Спорттық бағдарламадан бөлек, қонақтарды автокөлік көрмесі, дрифт-такси, автограф-сессиялар және түрлі ойын-сауық шаралары күтеді.
📍 ASP Arena, Қонаев қаласы
🕛 Басталуы: 12:00
🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап
24–26 шілде – Drive Forum Great Orda 2026
24–26 шілде аралығында Қонаев қаласында Drive Forum Great Orda 2026 ірі автомобиль форумы өтеді.
Форум автокөлік әуесқойларын, саяхатшыларды және туризм саласының өкілдерін біріктіреді. Бағдарлама аясында автокөлік көрмесі, туристік маршруттардың таныстырылымы, саяхатшылар мен сарапшылармен кездесулер, сондай-ақ түрлі ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.
Форум тәжірибе алмасуға, автосаяхаттарға арналған жаңа бағыттармен танысуға және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
📍 Арна шағын ауданы, Қонаев қаласы
🎟 Ересектер билеті: 27 000 теңгеден бастап
🎟 Балалар билеті: 8 000 теңгеден бастап
25 шілде – TOYLA Music Festival
25 шілде күні Первомай тоғандары аумағында TOYLA Music Festival 2026 өтеді.
Бұл – жыл сайын мыңдаған көрермен мен заманауи музыканың жанкүйерлерін жинайтын Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз open-air музыкалық фестивальдердің бірі.
Биыл фестиваль сахнасында Ұлыбританияның Hurts тобы, Ресейдің «Аигел» тобы, канадалық әнші Alice Glass, сондай-ақ қазақстандық орындаушылар Dudeontheguitar, DJ AKI және Meow Dammit өнер көрсетеді.
Қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, фестивальдік маркет және ашық аспан астындағы мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
📍 Первомай тоғандары, Іле ауданы
🕒 Уақыты: 15:00–23:00
🎟 Билет бағасы: 21 000 теңгеден бастап
ТАМЫЗ
15 тамыз – SUAQ аудиоэкспедициясы
15 тамыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында SUAQ аудиоэкспедициясы өтеді. Бұл музыка, заманауи өнер мен табиғи ландшафттарды біріктіретін ерекше мәдени жоба.
Қатысушылар Қазақстанның ең танымал табиғи орындарының бірін дыбыс, атмосфера және көркем бейнелер арқылы жаңаша танып-білу мүмкіндігіне ие болады.
Жоба аудиоспектакль, экскурсия және иммерсивті өнер элементтерін біріктіріп, табиғат пен мәдени кеңістікпен өзара әрекеттесудің ерекше тәжірибесін ұсынады.
📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап
16 тамыз – «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы
16 тамыз күні Талғар ауданындағы Байсерке әуеайлағында «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы өтеді. Бұл өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шаралардың бірі саналады.
Бағдарламада авиациялық техниканың көрсетілім ұшулары, жоғары пилотаж элементтері, парашютпен секірулер, күмбезді акробатика, авиамодельдер шоуы, ұшақтар мен тікұшақтардың статикалық көрмесі, сондай-ақ ашық аспан астындағы авиация мұражайы ұсынылады.Қонақтар үшін концерттік бағдарлама, балалар аймақтары, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, фотозоналар және фудкорттар ұйымдастырылады.
📍 Байсерке әуеайлағы, Талғар ауданы
🕙 Басталуы: 10:00
✈️ Ашық аспан астындағы авиациялық шоу және отбасылық фестиваль
🎟 Билет бағасы: 8 000 теңгеден бастап
21–23 тамыз – Park Live Kazakhstan 2026
21–23 тамыз аралығында Первомай тоғандары аумағында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.
Жыл сайын бұл шара Қазақстаннан және шетелден келген ондаған мың көрерменді жинайды. Үш күн бойы сахнада АҚШ, Ұлыбритания және Үндістаннан келген рок, альтернативті музыка, панк-рок, хип-хоп, метал және электронды музыка бағытындағы әртістер өнер көрсетеді.
Фестивальдің хедлайнерлері — америкалық рок-музыкант Jack White, британдық виртуалды жоба Gorillaz және АҚШ-тың аңызға айналған панк-рок тобы The Offspring.
Сонымен қатар бағдарламада The Kills дуэті, CeeLo Green, De La Soul, үнділік Bloodywood металл тобы және америкалық Glassjaw пост-хардкор тобының өнер көрсетуі жоспарланған.
Фестиваль дәстүрлі түрде өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғалардың бірі болып саналады және Орталық Азияның түкпір-түкпірінен заманауи музыка жанкүйерлерін жинайды.
📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы
🎟 Билеттер: фестивальдің ресми сайтында және Ticketon платформасында
28–30 тамыз – Family Rock Festival 2026
28–30 тамыз аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Family Rock Festival 2026 өтеді. Бұл жаз маусымындағы ең ірі музыкалық фестивальдердің бірі.
Үш күн бойы сахнада «Комната Культуры» және Женя Трофимов, КняZz, Нейромонах Феофан, «Танцы Минус», «Мураками» және The Hatters топтары өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарды демалыс аймақтары, гастрономиялық алаңдар және ашық аспан астындағы ерекше фестиваль атмосферасы күтеді. Фестиваль Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және шетелден келетін жанды музыка сүйер қауымды жинайды деп күтілуде.
📍 ASP Arena, Қонаев қаласы
🎟 Үш күндік билет бағасы: 56 000 теңге
